• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:20:15
+35°

16 Қаңтар, 2018 Саясат

Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында қандай мәселелер талқылануы мүмкін?

Сабиров Елбасының АҚШ-қа сапары барысында талқылануы мүмкін негізгі екі тақырыпты атады.

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары барысында қандай мәселелер талқылануы мүмкін және қандай тың бастамалар жариялануы мүмкін екенін Қазақстанның Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақпараттың мәліметіне сүйенсек, Сабиров Елбасының АҚШ-қа сапары барысында талқылануы мүмкін негізгі екі тақырыпты атады.

«Жалпы, осы сапардан екі тақырыпты бөліп алуға болады. Бірінші бөлігі Мемлекет басшысының екіжақты кездесулерін қамтиды, оның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөздер ескеріліп отыр. Осы орайда Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастарға байланысты болады. Екінші бөлігі біздің Президенттің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысуын қамтуда. Бұл маңызды шараға әлем елдерінен лауазым иелері келеді деп күтілуде.  Екіжақты қатынастарға тоқталсақ, бұл ретте Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы рөлде екенін анық. Сонымен қатар Ауғанстан мәселесін шешуде де еліміз маңызды істерге бастамашы болып отыр. Соңғы 10-15 жылда ауған мәселесі барша әлемдік қоғамдастықты алаңдатып отырғаны белгілі. Сондықтан бұл тақырыптағы оңтайлы шешімдерде Қазақстанның белсендігі артуы ықтимал. Өйткені Қазақстанның бітімгерлік бастамалары әлемге бұрыннан белгілі, сондай-ақ бұл бағытта жақсы нәтижелер баршылық. АҚШ-тың алдыңғы қатарлы БАҚ-тарында жарияланған мақалаларға сүйенсек, Қазақстан мен Өзбекстан Ауғанстан проблемаларын шешуде елеулі рөл атқаруы мүмкін», - деді Ш. Сабиров.

Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінде қауіпсіздікке қатысты еліміздің бітімгерлік бастамалары жариялануы мүмкін. Сонымен қатар ядролық қарусыздану проблемалары да бар. Себебі оған Солтүстік Кореядағы жағдай қосылып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары 16 қаңтарда басталады. Сапар аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен, сонымен қатар ресми әрі іскер топтардың өкілдерімен кездесу жоспарланған. Н. Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесі отырысына қатысады деп күтілуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір