• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:34:15
Алматы
+35°

11 Маусым, 2018 Саясат

Назарбаев ұлттық валютамен сауда жасаудың тиімділігін атады

Брифинг барысында екі ел арасындағы байланыс пен саммитте қозғалған мәселелер талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жасаған сапарының үшінші күнінде ШЫҰ-ның саммитінен соң журналистермен брифинг өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Брифинг барысында екі ел арасындағы байланыс пен саммитте қозғалған мәселелер талқыланды.

ШЫҰ саммитінде Елбасы ұйымға мүше елдер өзара сауда-саттықты ұлттық валютамен жүзеге асыру керек деген болатын. Мемлекет басшысы брифингте осы ұсыныс аясында жүргізілетін жұмыстар туралы баяндады.

- Бұл бұрыннан көтеріліп жүрген мәселе. Қытай мен Ресей арасындағы сауда-саттық былтыр 80 миллиард АҚШ долларын құрады. Өздеріңіз білетіндей Америка доллары өте қырсық валюта. Олар қашанда ойына не келсе соны істейді. Сол себепті, өзімізге сенімді болу үшін Қытай мен Қазақстан арасындағы сауданы біз теңгемен, юаньмен жүргізсек тиімді болар еді. Олар бізден теңгемен сатып алса, біз олардан юаньмен сатып аламыз. Ол үшін осы волюталардың базасын құруымыз керек. Банктерде осындай қаражат болу керек. Депозиттеріміз болу керек. Аталған бастаманың пайдасы мол. Бізде тіпті Ресеймен де осындай тәсілге көшеміз деген ой бар. Бұл мәселеге байланысты үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине толығымен осы тәсілге көшпейміз. Себебі батыс елдерінен тауар импорттайтын болсақ доллар бізге қажет болады. Екі тәсілдің де біз үшін пайдасы көп. Әрине барлығы бірден жүзеге аспайды. Дегенмен ШЫҰ-ға мүше елдердің барлығы бұл тәсілмен толық келісіп отыр. Ендігі жұмыс қаржыгерлердің мойынында. Олар осы мәселе бойынша нақты шаруалар атқарып, бізге ұсыныстарын әзірлеуі тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір