• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:46:45
Алматы
+35°

10 Маусым, 2018 Саясат

Назарбаев ШЫҰ саммитінде ұлттық валютамен сауда жасауды ұсынды

Назарбаевтың сөзінше, қауымдастыққа мүше елдердің орталық банктері тиісті жол карталарын әзірлеуді бастауы тиіс.

ШЫҰ-ға мүше елдер өзара сауда жасауды ұлттық валюталарда жүзеге асыру керек, себебі бұл мемлекеттер арасындағы экономикалық қауіпсіздіктің деңгейін көтереді деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды. 

"Қазір әлем валюталарының қоржынын әртараптандыру, валютаның тәуелділігі мен криптовалютаның пайда болу қаупін азайту туралы көп талқыланады. Осыған байланысты біз ШЫҰ-ға мүше барлық елдің өз ұлттық валюталарында сауда жасауын мемлекеттер арасындағы экономиканың қауіпсіздік аспектілерінің бірі ретінде қарастыруға тиіспіз", - деді Н.Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 18-ші отырысында.

Назарбаевтың сөзінше, қауымдастыққа мүше елдердің орталық банктері тиісті жол карталарын әзірлеуді бастауы тиіс.

«Біздің елдер арасындағы сауда-инвестициялық жобаларды екіжақты деңгейден  көпжақты деңгейге  көтеру маңызды. Біз жобаларды қаржыландыруға және ұйымның шеңберінде технологиялық ресурстарды жұмылдыруға бағытталған бірлескен тетіктер құруды қолдаймыз», - деді президент.

Айта кетейік, Циндао саммиті сегіздік форматта алғаш рет өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ШЫҰ-ғы байқаушы мәртебесі бар Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Хасан Роухани және Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттула және бірқатар халықаралық ұйымның басшылары қатысты.

Кеңейтілген құрамдағы отырыстан кейін саммиттің басты құжаты Циндао декларациясы қабылданып, 20-дан астам құжатқа қол қойылмақ. Оның 17-сін Мемлекет басшылары рәсімдейді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралык елісімге қол қойғаннан кейін қалыптасқан «Шанхай бестігі» тетігінің негізінде құрылды.

 

Araily Zhaqsylyq

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір