• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:55:44
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2018 Саясат

Назарбаев шетелдік инвестициялар жөніндегі корпорация басшылығымен кездесті

Назарбаев әңгіме барысында кездесудің маңыздылығына тоқталып, қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық жобалар жөнінде айтты.

Қазақстан Президенті «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» (OPIC) мемлекеттік агенттігінің президенті Рэй Уошбернмен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаев әңгіме барысында кездесудің маңыздылығына тоқталып, қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық жобалар жөнінде айтты.

– Біз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Халықаралық  «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіздік. Көрме инфрақұрылымының базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрамыз. Оның барлық қатысушыларына айрықша жеңілдіктер қарастырылған, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция саласындағы қатынастарды нығайтудың және өзара тиімді экономикалық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Р. Уошберн «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсерімен бөлісіп, алдағы уақытта Қазақстанның «Kazakh Invest» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатынын айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір