• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:06:14
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018 Саясат

Назарбаев Путинді не үшін құрметтейтінін айтты (видео)

«Ресей Президенттік сайлау өткізгелі жатыр. Меніңше Ресей халқы дұрыс шешім қабылдайды», - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді не үшін құрметтейтінін айтты.

Ресейлік «Бірінші арнаға» берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы көшбасшылардың жақсы қарым-қатынаста болуы аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар көшбасшылар арасындағы сенім екі ел арасындағы сенімге әкеледі.

«Владимир Владимирович Путин  2000 жылы президент болып сайланды. Сайланған алғашқы күннен бастап біз жақсы қарым-қатынастамыз, жасыратыны жоқ жақсы достармыз. Неге? Біріншіден, мен оның қалай жұмыс істейтінін бақыладым. Кеңестік Одақ кезінен бастап мен секілді саясаттан мол тәжірибесі болмаса да, Ресейдің саяси жағдайы ушығып тұрған кезде президент болды», -  дейді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Назарбаев Путиннің адами құндылықтарын да айтып өтті.

«Путин – өз сөзінде тұратын адам. Ол ойланып сөйлейді және өз сөзінен ешқашан таймайды»,- деп бағалады Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Путин секілді адаммен жұмыс істеу керек және сыйлау керек.

«Ресей Президенттік сайлау өткізгелі жатыр. Меніңше Ресей халқы дұрыс шешім қабылдайды», - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.

Айта кестек, Ресейде Президент сайлауы 18 наурызда өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір