• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:52:06
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2018 Саясат

Назарбаев Пашинянға құттықтау жолдады

Жеделхатта Назарбаев Арменияның жаңа үкімет жетекшісі халқының әлеуметтік "әл-ауқатын арттыратын саясатты жалғастырады" деп сенетінін білдірген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения премьер-министрі қызметіне сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдаған. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Назарбаев Арменияның жаңа үкімет жетекшісі халқының әлеуметтік "әл-ауқатын арттыратын саясатты жалғастырады" деп сенетінін білдірген.

"Қазақстан мен Армения арасындағы достық пен өзара түсіністік қатынастар екі елдің өзара ықпалдастығын дәстүрлі серіктестік рухында кеңейте түсу үшін және халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да берік негіз бола береді деп сенемін", – делінген құттықтау жеделхатында.

Айта кетейік, Армения парламенті оппозиция лидері, "Елк" партиясының жетекшісі Никол Пашинянды ел премьер-министрі етіп сайлады.  Пашинян үкімет басшлығына сәуірдің ортасынан бері жалғасқан жаппай шеруден кейін келіп отыр. Халық қатарынан екі мерзім ел президенті болған Республикалық партия лидері Серж Саргсян премьер-министр болып сайлануына қарсы шыққан. Үкіметке қарсы халықтың жаппай наразылығынан кейін отставкаға кеткен еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір