• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:52:32
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 Саясат

Назарбаев: ОА басшыларының кездесуі Ресеймен байланысқа әсер етпейді

Қазақстан президенті сөзінің соңында Ресейдегі алдағы президент сайлауының жақсы өткенін қалайтынын және Ресей президентіне сәттілік тіледі

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Орталық Азия елдері басшыларының бас қосуында Ресейдегі сайлауға қатысты пікірін білдіріп, бұл кездесу Ресей, Қытай секілді ірі елдермен байланысқа кері әсерін тигізбейді деп мәлімдеді.

Астанада өткен Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының кездесуі кезінде Назарбаев 2017 жылы Қазақстанның Орталық аймақ елдерімен экспорт көлемі 35 пайызға артқанын, мұндай көрсеткішке "бұрын-соңды қол жетпегенін" айтты.

Оның сөзінше, аймақ елдері шекараларында жаңа тексеру және өткізу бекеттері ашылып, көлік қатынасы қалпына келіп, шекара мәселелері біртіндеп реттеліп жатыр.

"Әрине, біз бұл жерде Орталық Азия және Қазақстанмен тұйықталып қаламыз демеймін. Біздің Қытай және Ресей сияқты үлкен көршілеріміз бар. Олармен берік байланыстамыз. Біз бұл іргелі көршілерімізбен, үлкен нарықпен белсенді ынтымақтастық орнатқанбыз және оны жалғастырғымыз келеді",- деді Назараев.

Қазақстан президенті сөзінің соңында Ресейдегі алдағы президент сайлауының жақсы өткенін қалайтынын және Ресей президенті Владимир Путинге сәттілік тілейтінін айтты.

Ресейде президент сайлауы алдағы жексенбі, 18 наурызда өтеді.

www.centralasian.org

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір