• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:15:25
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 Әлеумет

Назарбаев балалық шағы мен анасын еске алды (видео)

Ақорданың Instagram-дағы парақшасы Назарбаевтың балалық шағын еске алған сәтінің видеосын жариялады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағын еске алды. Ақорданың Instagram-дағы парақшасы президенттің балалық шағы жайлы айтқан видеосын жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Туған ауыл, таулар, жылғалар, қызғалдақтар, көкнәрлер – көктемде бәрі қызыл түске боялады. Біздің ойындар, серуендеріміз, көкнәрлер арасындағы футбол, жидек теру үшін тауға шығатын сәттеріміз. Мұның бәрі мәңгілікке есімізде қалады», - делінген Ақорда жариялаған видеода.

Сонымен қатар, Елбасы анасын да еске алды.

«Әсіресе, балалық шағың түнде жатар алдында есіңе түседі. Анаммен бірге атқа отырған сәтіміз, мені ұйықтап кетіп аттан құлап қалмайтындай байлап қоятын. Таулар мен өзендерді асып кете беретінбіз. Ол ән айтатын», - деп есіне түсірді Назарбаев.

Айта кетейік, 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады.

 

A post shared by AkordaPress (@akordapress) on

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір