• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:01:45
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Наурызбай ауданының басшысы Сайран Тәпенұлының Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте берген ақпаратына сүйенсек, аудан аумағында электр жарығымен қамтамасыз ететін 512 трансформатор қондырғылары бар деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның ішіндегі 138 «Алатау жарық компаниясы» АҚ теңгерімінде, 356 жеке қолданыста, 6 трансформатор қондырғысы, 2017 жылы соттың шешіміне сәйкес иесіз деп танылды.

Трансформатор қондырғыларының жағдайы бүгінгі күнде қанағаттанарлықсыз, ескірген, тозу көрсеткіші 70% құрайды. Ағымдағы жылы «Алатау жарық компаниясы» АҚ күшімен 10 трансформатор қондырғысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары 28 трансформатор қондырғысына жүргізілді және 1 трансформатор қондырғысы ауыстырылды.

Сонымен қатар, аудан басшысы атап өткендей, аудан аумағындағы электр желілерінің ұзындығы 678,2 шақырым құрайды, оның 179,4 шақырымы «Алатау жарық компаниясы» АҚ теңгеріміне, 498,8 шақырым жеке қолданыста. Электр желілерінің тозу көрсеткіші 63% құрайды. Электр желілерінде орын алатын іркілістерді төмендету мақсатында «Алатау жарық компаниясы» АҚ күшімен 1162 электр бағандары қайта құрылымдалып, ұзындығы 12,022 шақырым электр желілері жүргізілгені жайлы және басқа да тың ақпараттармен бөлісті аудан әкімі Сайран Сәйфеденов өз сөзінде.

Наурызбай ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамту күрделі мәселенің бірі ретінде күн тәртібінен түспеген. Су желілерінде жылына 300-ге дейін апат болған. 

Бұл туралы аудан әкімі Сайран Сәйфеденов айтты.

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы, Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сәйфеденов аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері,  аудан орталықтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы мәлімдеді.

Аудан әкімі 2017 жылдың 11 айы, әрі аудан ашылған 3 жылдың ішінде атқарылған жұмыстармен қатар, күрделі тақырыптарды да сөз етті.

«Тұрғындарды ауыз сумен қамту  түйткілді мәселелердің бірі болып отыр. Су желілерінде жылына 300 апат болады. Су жетіспейтініне тұрғындар наразы. Су желісін жүргізу бойынша жоба әзірленді. Осы жылдың аяғы мен алдағы жылдың басында мемлекеттік сараптамаға беріледі. Қарғалы, Ақсау өзендерінің басында су тазалау стансасы салынады. «Барлық» базары жанында үлкен ұңғарнама қазу жұмыстары жүріп жатыр. Ауданда 2014 жылдан бері 118 шақырым жол салынды. Кейбір елді мекендерге алдағы уақытта су желілері үшін қазба жұмыстары жоспарланып отырғандықтан асфальт кірмей отыр», - деді аудан әкімі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір