• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 16:18:19
Алматы
+35°

02 Қараша, 2017 NEWS

Навальный Путинді сотқа бермек

Коррупциямен күрес қорын құрған Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путин мен оның әкімшілігін сотқа бермек.

Коррупциямен күрес қорын құрған Алексей Навальный Ресей президенті Владимир Путин мен оның әкімшілігін сотқа бермек ниетте, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Оппозиционер Ресей қалаларының билігі өзіне сайлаушылармен кездесуге Кремльдің пәрменімен рұқсат бермей отырғанын айтады.

Навальный өз блогында Ресей қалаларының билігі акция өткізуге рұқсат беруден көбінше бас тартатынын айтады. Оппозиционердің пікірінше, Кремль бұған дейін болған акцияларға оппозиционердің көптеген жақтасы жиналғанына алаңдайды.

Алексей Навальный Ресейдегі ірі 50 шақты қаланың әкімшілігі "апта сайын сайлаушылармен кездесуге рұқсат беруден бас тарта отырып, заңды өрескел бұзып отырғанын" айтады. Оппозиционер акцияларын бұдан былай да өткізе беретінін, бірақ жаңа форматта - жеке меншік территорияда және жекеменшік нысанда өткізетінін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір