• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:14:56
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 Саясат

Наталья Годунова есеп комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды

Наталья Николаевна Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында дүниеге келген.

Наталья Николаевна Годунова Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Наталья Николаевна Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын тәмәмдады.

Еңбек жолы: 

1993-1996 ж.ж. Орал қаласындағы «Агропромбанк «Орал» экономисі;
1997-1998 ж.ж. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің жетекші маманы, басшысының орынбасары, басшысы;

  • 1998-2004 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппараты экономикалық реформа бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы;
  • 2004-2005 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры;
  • 2005-2006 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің экономист-кеңесшісі;
  • 2006-2009 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі 2009-2012 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілінің қызметін атқарушы;
  • 2012-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі;
  • 2013-2015 ж.ж. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары 2015 жылы «Нұр Отан» партиясының Хатшысы;
  • 20 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшеcі лауазымына тағайындалды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір