• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:09:46
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Ғылым-білім

НАСА Күн жүйесінен тыс 100 жаңа ғаламшар ашты

Және олардың арасында Жер ғаламшарын алмастыра алатындар да бар

«Кеплер» телескопының көмегімен НАСА ғалымдары жүздеген жаңа ғаламшарлар ашты. Олардың жартысы көлемі бойынша Жерге ұқсас деп хабарлайды Astronomical Journal.

«HD 212657 жарық жұлдыздарының бірінің орбитасында айналатын ғаламшар бар екенін дәлелдедік. Тіршілік жоқ осындай ғаламшарлар біз үшін әрқашан қызығушылық тудырады»,-дейді Копенгагендегі  ғарышты зерттеу ұлттық институтының директоры.

«Кеплер» орбиталық телескопы іске қосылғаннан соң ғалымдар Күн жүйесінен тыс төрт мыңнан аса жаңа ғаламшарларды ашты, олардың бірнеше ондаған түрі Жерге ұқсас экзоғаламшарлар.  Осы орайда, астробиологтар мен ғаламшар зерттеушілер енді аталғандардың тіршілікке жарамдылығын зерттеуді қолға алмақ.

Шамамен 100 шақты ғаламшар ғалымдар тарапынан әлі зерттелмегендер. Және олардың арасында Жер ғаламшарын алмастыра алатындар да бар дейді ғалымдар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір