• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:39:09
Алматы
+35°

16 Маусым, 2018 Аймақтар

Нақты міндет - болашақ кепілі

Аталған іс-шарада Жолдаудың 9-міндетінде жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне баса назар аударылды.

Бүгін Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Қазақстан халқына Жолдауы талқылау бойынша дөгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге "Нұр Отан" партиясының Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Альбисенов қатысып, Жолдауда қойылған басты міндеттерге тоқталды.

Қорғаныс
Сонымен қатар жолдауды талқылау барысында қойылған 10 міндет талаптарын Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығы подполковник Гойколов С.С. түсіндірді.
Ол сөзінде "Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауындағы 10 негізгі міндет елдің әл-ауқатының артуына зор мүмкіндік береді. Жолдауда эконмоикалық және әлеуметтік мәселелерге басымдық берілген. Себебі, әрбір міндеттің іске асырылуы жоғары деңгей мен сапалы нәтижені көрсетеді. Сондай-ақ әрбір міндеттің өзіндік орны бар"- деді.
Аталған іс-шарада Жолдаудың 9-міндетінде жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне баса назар аударылды. Сонымен бірге, бұл жолдаудың ерекшелігі - жемқорлықтың алдын алуға негізгі шаралардың бар болуы.
Қазіргі таңда заманауи технологиялардың қарқынды дамуына байланысты мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру - жылдам қызмет алуға мүмкіндік беретіндігі талқыланды.

10 міндет - нақты қадам. Өйткені, Қазақстанның жылдам дамуы цифрлық үрдістің оңтайлы және жылдам әдістерін қолдануға мейлінше мүмкіндік береді.
Елбасы Жолдауындағы нақты қадамдарды іске асыру кез келген мемлекеттік қызметшілердің міндеті болып табылмақ.

Қарлығаш МҰСАБЕКҚЫЗЫ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір