• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:22:23
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Мирзияев пен Бердімұхамедов бірлескен мәлімдеме қабылдады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, Бірлескен мәлімдемеге қол қойды деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап. 

Кездесуде сонымен қатар аймақаралық ынтымақтастықты дамытуға, сауда үйлерін ашу, іскерлік кеңестер ұйымдастыруға және транспорт, транзит, ауыл шаруашылығы, ғылым мен техника салаларына қатысты 17 құжатқа қол қойылды.

"Біз екі жақты ынтымақтастық жан-жақты талқыладық. Шешілмеген мәселе қалмады деп айта аламын, барлық бағыт бойынша өзара түсінісе алдық. Біз осы негізде екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамытудың келешегі барын байқадық" деді Шавкат Мирзияев.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстанға екі күндік сапармен 23 сәуір күні барған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір