• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:49:34
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 Әлем

Мирзиеевтің АҚШ-қа сапары: Трамп өзбек басшысына қандай уәде берді?

"Өзбекстан мен АҚШ-тағы президент сайлауларынан кейін екі мемлекеттің қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді", - деді Мирзиеев.

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев ресми сапармен АҚШ-та жүр. 

Шавкат Мирзиеев пен жұбайы «Эндрюс» әуежайындағы ұшақтан түскен бойда гүл шоқтарын ұстаған америкалық оқушылар басшыны өзбек тілінде қарсы алды. Шавкат Мирзиеевті қарсы алу үшін АҚШ үкіметі де әуежайға арнайы барған.

Трамп үшін мәртебе

Ал АҚШ басшысымен Мирзиеев келесі күні кездесті. Қонақтарын қарсы алған Трамп «АҚШ үшін Өзбекстан қашан да маңызды орында» деп атап өтті.

«Сізбен Ақ үйде кездесу – біз үшін мәртебе», - деген еді Трамп.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиеев өзін жоғары деңгейде қарсы алған Трампқа алғысын білдіріп, АҚШ-тың Өзбекстанды қолдайтынын ризашылықпен қабылдаған.

«Өзбекстан мен АҚШ-тағы президент сайлауларынан кейін екі мемлекеттің қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. «Өзбекстан мен АҚШ: стратегиялық серіктестіктің жаңа дәуірі» деген атаудан-ақ бәрін ұғынуға болады. Екі ел жаңа белестерге көз тікті», - деді Мирзиеев.

Бұған дейін қос президент Эр-Рияд пен Нью-Йоркте кездескен. Ал Ақ үйде бірінші рет кездесті.

АҚШ қолдауы

Америка басшысы Ташкент ұйымдастырған экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларды жоғары бағалап, оның жүзеге асуы үшін қол ұшын созатынын мәлімдеді.

Бұған қоса тараптар өңірлік қауіпсіздік және терроризммен күрес  мәселелерін талқыға салды.

Трамп Шавкат Мирзиеевтің Орталық Азияда бастаған интеграциялық үрдісін қолдап, «С5+1» форматында елдермен диалогқа өтуге қашан да дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар АҚШ Ауғанстандағы өзбек теміржолдары мен инфра құрылыс саласында саяси және қосымша көмек көрсетуге дайын. Өз кезегінде Шавкат Мирзиеев те алдағы уақыттарда кез-келген көмегін ұсынуға дайын екенін жеткізді.

АҚШ пен Өзбекстан қорғаныс саласындағы серіктестікті нығайтып, алғашқы бес жылдық әскери әрекеттесу жоспарын жүзеге асырмақ.

Басшылар Өзбекстандағы адам құқықтары мәселесін де шетін қалдырған жоқ. Трамп Ташкенттің азаматтардың құқығын қорғау мәселесіндегі әділеттілік реформасын мақұлдады.

Өзбекстан елдегі америкалық компаниялардағы жұмысшылардың жағдайын жақсартып, жіті бақылауда ұстайтындығын мәлім етті. Басшылар ауыл шаруашылығы, экономика, энергетика, химия, қаржы, туризм, мата өндірісі, денсаулық сақтау және цифрлық технология салаларында серіктестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктерін қайта қарауға келісті.

Сапар барысында Өзбекстан мен АҚШ компаниялары 20 шақты ірі  келісімшартқа қол қойды.  Олардың жүзеге толық асуы 4,8 млрд долларға бағаланды.

Трамп - Мирзияев

Бұған қоса Трамп Өзбекстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне септесеінін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір