• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:49:08
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 NEWS

Министр Жеңіс Қасымбек Шудағы пойыз апатының негізгі себебін атады

«Мен сіздерге 20 рет айттым ғой. Кімнің кінәлі екенін комиссия шешеді», - деп мәлімдеді министр.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шудағы пойыз апаты бойынша жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 Үкімет отырысынан кейін журналистер пойыздың рельстен шығып кетуінің негізгі себебін сұрады.

«Бұл апаттың басты себебі жолдың сапасы екені бірнеше рет айтылды. Қарама-қарсы келе жатқан пойызбен соқтығысуы туралы нұсқа бүгін жоққа шығарылды. Жолдың сапасы – негізгі нұсқа. Жолдың жағдайы, күзде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы, күн сайынғы тексеріс туралы сауалдар апаттың негізгі себебі саналады», - деді Жеңіс Қасымбек.

«Кінәлі кімдер?» - деп сұрады журналистер министерден.

«Мен сіздерге 20 рет айттым ғой. Кімнің кінәлі екенін комиссия шешеді», - деп мәлімдеді министр.

Журналистердің рельстердің арасы күннің ысуынан ашылып кетуі мүмкін деген нұсқасына Жеңіс Қасымбек: «Бұл физика, ауа температурасы көтерілгенде мұндай жағдай болады. Мұндай олқылықтарды бақылауда ұстайтын арнайы қызмет бар», - деп жауап берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір