• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:39:26
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2018 NEWS

Министр қазақстандықтардың қанша пайызы қазақ тілін білетінін айтты

Министрдің айтуынша, жыл сайынғы зерттеу қазақстандықтардың дені мемлекеттік тілді меңгергенін көрсеткен.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, жыл сайынғы зерттеу қазақстандықтардың дені мемлекеттік тілді меңгергенін көрсеткен.

 "2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 83,1 пайызды құрады, ал 2016 жылы одан да аз болатын. Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 22,3 пайызды құрады. Үш тілді меңгеру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды", — деді Мұхамедиұлы.

Министр былтыр жоба аясында орталық атқарушы органдарда мемлекеттік тілді оқыту курсына 610 адам қатысқанын атап өтті. Сонымен қатар республикада 89 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.

"Оқыту орталықтары Тіл туралы заңға сәйкес Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі мақсатында оқыту курстарын ұйымдастырады. Осы мақсатта 2017 жылы тіл оқыту орталықтарында 58 мың 348 адам мемлекеттік тіл оқыту курстарынан өтті. Қазтест жүйесі негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында 2017 жылы тестілеуден өткендердің жалпы саны – 94 458 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 22837 адам", — деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір