• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:06:44
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 Әлеумет

Министр еліміздегі ең "ішкіш" облыстарды атады

«Елімізде ішімдікке салыну, отбасылық-тұрмыстық салада қылмыс жасау азаймай тұр», - дейді Қасымов.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов еліміздегі ең ішкіш облыстарды, анығы ішімдіктің кесірінен жиі қылмыс жасалатын өңірлерді атады.

Министрдің дерегіне сүйенсек, ең жоғары деңгей Ақтөбе облысында байқалған. Мас күйінде жасалған қылмыс деңгейі облыста 28 пайызды көрсетті. Қостанай облысында 25,5 пайыз, Павлодар облысында 22 пайыз, Маңғыстау облысында – 20 пайыз және Ақмола облысында 19,5 пайызды көрсетті.

«Елімізде ішімдікке салыну, отбасылық-тұрмыстық салада қылмыс жасау азаймай тұр», - дейді Қасымов.

Бүгінде учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық бақылауында ішімдікке салынған 67 мың азамат бар екен. Ішімдіктің кесірінен күніне 2-3 қылмыс тіркеледі. Осы мәселені шешу үшін министрлік тиісті шараларды қолдануға уәде берді.

ҚР премьер министрі Бақытжан Сағынтаевтың бірнеше ай бұрынғы қаулысына сәйкес, спиртті ішімдіктердің бағасы қымбаттауы тиіс еді.  Арақ және өткір ликер-арақ өнімдерінің бір литрінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 2018 жылы 1900 теңге етіп бекітілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір