• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:30:52
Алматы
+35°

31 Тамыз, 2017 Мемлекеттік бағдарламалар

Министр Дәурен Абаев бірнеше тележобаның түсірілім жұмыстарымен танысты

Министр аталған бағдарламаға қатысуға міндетті түрде уақыт табатынын айтып, журналистердің алдында уәде берді.

Ақпарат және Коммуникация министрі Дәурен Абаев Алматы қаласында және Алматы облысында тележобалардың түсірілімімен танысты, деп жазады Qamshy.kz тілшісі. 29-30 тамыз күндері өткен шараға министрмен бірге баспасөз туры ұйымдастырылды.

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»  

Алдымен Министр «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қаринмен бірге Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығында болып, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телевизиялық телехикаясының дайындық жұмысымен танысты.

Телехикаяда қазақтың байырғы ғұрып, дәстүрлері көрсетілген, сондай-ақ, сол заманғы бақсы сарыны, бәдік, тойбастар, сыңсу, жар-жар, айтыс, қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау сияқты ұлттық музыкалық сарын молынан пайдаланылған. Түсірілім жұмысы аяқтаған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телевизиялық телехикаясы Асы жайлауында, Алматы тауында 2 айға жуық уақыт түсіріліпті.

42 минуттық 6 бөлім болатын Телевизиялық телехикаяның бас продюсері Баян Мақсатқызы. Сценарийін Аннас Бағдат жазған. Басты рөлдерде Гүлзада Тұрлаш, Ержан Мұқатаев, Бақтияр Қожа, Жақсыбек Құрманбеков, Марат Абай-Ділдалар ойнаған. Телехикая ұлттық арнаның жаңа маусымында көрерменге жол тартатын болады.

«24 сағат табиғат құшағында»

Осыдан соң Министр Абаев пен Қарин және ҚазГео Төралқа Төрағасы Төлеген Тастанбеков «24 сағат табиғат құшағында» экшн-реалити шоуы жобасының студиясына барды. Еліміздің 14 облысындағы қоршаған ортаның тылсым құпияларын көрсететін экшн шоу «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Қазақ географиялық қоғамының» ортақ жобасы.

Жобаға жүргізуші болға қатысқан 4000-нан астам үміткердің арасынан актер, соғыс сахналарында рөл сомдап жүрген Нұржан Садыбеков таңдалған. Бағдарлама шарты бойынша жүргізушімен бірге бағдарлама қонағы коммуникациясыз 24 сағатын жабайы табиғатта өткізуі керек.

«Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Тынымбайұлы аталған жобалардың Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған прагматизммен қабысатынын айта келіп, Ақпарат және Коммуникация министрі Дәурен Әскербекұлын «24 сағат табиғат құшағында» экшн-реалити шоуының қатысушысы болуға шақырды. Өз кезегінде министр аталған бағдарламаға қатысуға міндетті түрде уақыт табатынын айтып, журналистердің алдында уәде берді.

«Қазақ батырлары»

30 тамыз күні Министр Абаев «Қазақ батырлары» тарихи телехикаясының түсірілім жұмыстарымен танысуға Алматы облысының Райымбек ауданына барды. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсіріліп жатқан картинада қазақ батырларының өмірі мен ерліктері суреттеледі.

«Биыл түрлі тақырып пен жанрда ең ауқымды аудиторияға бағытталған 39 телехикая түсіру жоспарланған. Аталған телехикая Қарасай батыр туралы. Ол шайқастардың бірінде Солтүстік Қазақстанда қайтыс болды. Даланың бір шетінде туып, елді-жерді қорғау үшін ат үстінде жүріп туған жерінен жырақта жерленді. Қазақ елін қорғап, бізге аманаттау үшін батыр бабаларымыз оңай құрбандық берген жоқ», - деді Ақпарат және Коммуникация министрі Дәурен Әскербекұлы.

Қарасай батыр мен Ағынтай батырдың достығы паш етілетін теле туындының қоюшы режиссері Асқар Ұзабаев. Тарихи фильмді алғаш рет түсіріп жатқанын айтқан режиссер телехикаядан толық метражды фильм жасағысы келетінін жеткізді.

«Қазақ батырлары» тарихи көркем телехикаясы биыл желтоқсан айында көрерменмен қауышады. «Хабар» арнасында драма, комедия, детектив және отбасылық туындылардан тележобалар эфирге дайындалып жатыр.

«Түсірілім жұмыстары басталғанға дейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тыңғылықты дайындық жасалды. Көрермендер бұл телехикая арқылы өкенімізге оралып, ел тарихында батырлардың қаншалықты маңызды рөл атқарғандығын көреді», - дейді «Хабар» агенттігі Басқармасының төрайымы Алмагүл Ахметжанова.

Мөлдір Мекенбай — Картинада Қарасай батырдың жары Бибігүлдің рөлін сомдайды. Бай отбасынан шыққан қыздың Қарасай батырға махаббатын сомдау үшін Мөлдір қазақтың тарихи фильмдерін, қазақ батырлары туралы көптеген кітаптарды қарап, атқа мінуді үйренген.

Мөлдір өнер әлемімен ғана шектелмеген. Ол Назарбаев университетінің «Computer Science» мамандығы бойынша 2 курс студенті. Жəутіков атындағы респуб-ликалық физика-математика мектебін алтын белгімен бітірген ол тіпті ересектер арасындағы джиу-джитсудан 2016 жылғы әлем чемпионы.

Айта кетсек, министр Абаев 2 апта уақыт бұрын Ақмола облысында «EQUUS» деректі трилогиясынының түсірілім алаңына да арнайы барған еді.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір