• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:29:39
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 Денсаулық

Министр Алматыдағы дәрігерлерді әшкереледі (видео)

Министр бірнеше күн бұрын  науқастарды қабылдайтын қосымша пунктерді ашуды тапсырғанын айтады, алайда тапсырма әлі күнге дейін орындалмаған.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  бесінен алтысына қараған түні ешкімге ескертпей Алматыдағы №12 емханаға барды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Емханаға келгенде бір топ адам бас дәрігердің қабылдауына кіре алмай тұрған. Министр медициналық көмекке зәру адамдардан кешірім сұрап, емхана қызметкерлерін сөкті. Министр емханада тек 3 дәрігер жұмыс істеп жатқанын айтып,  емхана қызметкеріне барлық дәрігерді шақыруын талап етті, көмекке мұқтаж науқастарға көмектесуін сұрады. 

Министр бірнеше күн бұрын  науқастарды қабылдайтын қосымша пунктерді ашуды тапсырғанын айтады, алайда тапсырма әлі күнге дейін орындалмаған. Елжан Біртанов күн санап дәрігерге қаралғысы келетіндердің саны артатынын айтып, алдын ала шараларды қолдануды тапсырды. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда менингикокк инфекциясы өршіп, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов Алматыға келген болатын. 

 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір