• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:32:57
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Оқиғалар

Мьянма билігі өз қылмысын жасыру үшін Еуро Одақтың ұсынысынан бас тартты

Бұл жайында Азия-Еуропа елдерінің СІМ-нің XIII отырысында Сингапур министрі Вивиан Балакришнан мәлімдеді.

Мьянма басшысы Еуро Одақтың рохинджалық мұсылмандарға жасалған қанды қырғын жайлы зерттеу жүргізуге қатысты ұсынысын қабылдамай тастады, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Бұл жайында Азия-Еуропа елдерінің СІМ-нің XIII отырысында Сингапур министрі Вивиан Балакришнан мәлімдеді.

«Кездесуде түрлі ұсыныстар айтылды. Алайда, Мьянманың мемлекеттік кеңесші және Шет елдік істер министрі Аун Сан Су Чжи мәлімдегендей, қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастық ұсынған жұмыстар атқарылып жатыр. Бұған қоса, жергілікті арнайы комиссия қажетті зертеулерді жүргізіп келеді», – деп ақталды Вивиан Балакришнан.  

Айта кететін болсақ Мьянма билігі 69 жыл бойы рохинджалық мұсылмандарды азаптап келген. Мьянма билігінің рохинджалық мұсылмандарға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізуге қарсы болуы олардың өз қылмысын жасыруы болып саналады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір