• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:21:55
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2018 Саясат

Мұхтар Тайжан мен Айдын Егеубаев Жер заңына қатысты пікір таластырды

Айдын Егеубаев «мораторий дегенді ұмытуымыз керек, жер сатылмауы, шетелдіктерге берілмеуі керек, мұны талқылаудың қажеті жоқ», - деді.

19 қаңтарда Астанадағы «Турист» қонақ үйінде «Жер жеке меншікке сатылмасын, шетелдіктерге жалға берілмесін» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оған қоғам белсенділері, мәжіліс депутаттары, министрліктердің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжан мен азаматтық белсенді Айдын Егеубаевтың ашық пікірталасымен басталды.

Бірінші сөз кезегі жер мәселесі туралы заңға енгізілген өзгерістерді құптаған Мұхтар Тайжанға берілді.

– «Жер сатылмасын», «шетелдіктерге жалға берілмесін» деген талаптар заңды түрде қабылданды. Бұл заң ауыл шаруашылығының проблемаларын түгел шеше алмас, себебі бүгінде ондай мүмкіндіктер әлі қарастырылмады. Алайда болашақта шешіледі деп үміттенемін, - деген Мұхтар Тайжан өзі дайындаған жер мәселесіне қатысты презентациясын таныстырды.

Жер мәселесінің тарихы, 1990 жылдардан бері Жер кодексіндегі өзгерістер қамтылған презентациясы арқылы Мұхтар Тайжан 2015 жылғы заңдағы өзгерісті түсіндірді.

– Заңда «Шетелдіктерге ауыл шаруашылығына арналған жерлер жалға беріледі, Қазақстан азаматтарына жер жалға берілмейді. Қазақстан азаматтары жермен айналысқысы келсе, сатып алуы керек», - делінген. Біз бұл норманы жойдық. Шетелдік азаматтарға жер жалға берілмейді, жер ешкімге жеке меншікке сатылмайды. Бұл мораторий 5 жылға жарияланды және тек Президенттің Жарлығы емес, ол – заң, - деді қоғам белсендісі.

Мұхтар Тайжанның пікіріне қарсы Айдын Егеубаев аграрлық комитет өкілдіктерінің жиналыста бой көрсетпегенін сынады.

«Егер мемлекеттік орган осында келіп өздері түсініктеме бермесе, қабылданып жатқан заңның өзі заңсыз», - деді Айдын Егеубаев.  

Айдын Егеубаев «мораторий дегенді ұмытуымыз керек, жер сатылмауы, шетелдіктерге берілмеуі керек, мұны талқылаудың қажеті жоқ», - деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір