• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:44:48
Алматы
+35°

13 Сәуір, 2018

Мұхтар Шаханов: Сол кезде Қонаевпен еңкілдеп тұрып жылағанбыз... (видео)

«Сонда біз, Қонаев екеуміз еңкілдеп түрып жылағанбыз. Ал бұны жұрттар білмейді», деп еске алады Мұхтар Шаханов.

Белгілі тележүргізуші, соңғы кездері басы дауға қалып жүрген Аман Тасыған Мұхтар Шахановпен сұқбатын Youtube арнасына жариялады. Аталған сұхбат кезінде танымал ақын Мұхтар Шаханов Димаш Қонаевпен бірге не үшін жылағанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен ССР халық депутаты едім. Екі адам маған арыз айтып келді. Ташкенттің шығысында Бостандық атты аудан болатын. Бұл қазақтың ауданы еді. Сол жерді 25 жыл өзбектерге жалға берген екен. Жерді жалға беру мерзімінен өтіп кетіпті. Кейін мен арызды тереңірек зерттеу жүргізу үшін Дінмұхаммед Қонаевқа бардым. Ағаға барлық жағдайды түсіндірдім. Сосын, Димекең маған бұл жайтқа қатысты 67 қағаз барын айтып, келесі күні сол қағаздарды маған әкеліп берді. Димекең маған «Сіз Бостандық ауданына барып, осы мәселені зерттеңіз, көп мәселеге көзіңізді жеткізіңіз», деп айтты. Сөйтіп, мен Бостандық ауданына бардым. Сол ауданда тұратын зиялы адам бар екен, мені сол үйге алып барды. Мен үйіне барған адамның немересі ме, баласы ма білмедім бірнеше бала сабақтан келді. Барлығының басында өзбектің тақиясы бар, балалар өзбекше сөйлесіп жүр. Содан кейін мен біреуінен өзбексің бе, қазақсың ба деп сұрадым. Олар «әкем — қазақ, мен —өзбекпін», — деп жауап берді. Бұл ауданда қазақ балалар өзбекше оқымаса олардың ата-анасына, отбасына қысым жасайды екен. Осындай мәселелердің барлығын зерттеп елге қайттым. Сол кезде парламенттің бастығы Серікболсын Әбділдин болатын. Оған осы жағдайды түсіндірдім. Мен баяндама жасадым. Парламент түгел қолдап, шешім шығарды. Мен сол шешімді Өзбекстанның президентіне жібердім. Кейін сол кездегі басшылардың бірімен Өзбекстанның президенті жолығып, «шекара қазір қалай болса сол күйінде қалсын», дегенге қол қойдырып жіберіпті. Сонда біз, Қонаев екеуміз еңкілдеп түрып жылағанбыз. Ал бұны жұрттар білмейді», деп еске алды Мұхтар Шаханов. 

Сонымен бірге Мұхтар Шаханов ұлтқа, тілге қатысты өз пікірін білдіріп, шындығынан айырылған адамды адам құрлы көрмейтінін, араласқысы да, сыйласқыы да кемейтінін айтып өтті. 

Сонымен бірге ақынның шамына тиіп, жауап бергісі келмеген сұрақтар да болды. Оның бірі «Соңғы рет Елбасымен қашан кездестіңіз?» деген сауал қойылды. Мұхтар Шаханов Елбасының кездесуге шақырғанын, алайда өзінің бас тартқанын айтты. Бірақ «Елбасымен кездессеңіз қандай сұрақ қояр едіңіз?», деген сұраққа «Оның не керегі бар? Қажеті жоқ. Алып таста», - деп қысқа қайырды. 

Журналистің «Соңғы рет қашан сезіммен қашан өлең жаздыңыз?» деген сауалына да ақын неге екені белгісіз жауап бергісі келмеді. «Махаббат туралы өлеңдерім бар ғой», - деп қоя салды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір