• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:40:38
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Мұхтар Әблязовтың қатарына қосылғандар қылмыскер болып саналады

Бүгін еліміздің Бас прокуратурасы арнайы мәлімдеме жасап, Әблязов пен оның айтақшыларынан сақ болуға кеңес берді.

Бүгін еліміздің Бас прокуратурасы арнайы мәлімдеме жасап, Әблязов пен оның айтақшыларынан сақ болуға кеңес берді. Айтуларынша, оларға қолдау білдіріп, қатарына қосылғандар бұдан-былай қылмыскер болып саналады, — деп хабарлайды КТК арнасының дерегін негізге ала отырып. 

Бұдан былай «ДВК»-ны қаржылай қолдап немесе ұйымның атынан түрлі митинг өткізетіндер 2 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тіпті, қозғалыстың қатарына қосылмай-ақ, Әблязовтың әлеуметтік желісіндегі жазбасын қолдап, лайк басқандар да шатылуы ықтимал.

Сондықтан, прокурорлар қашқынның парақшасына жазылған азаматтарға одан дереу шығып кетуге кеңес берді.

«Қозғалыс туралы кез-келген жазбаға оң пікір қалдыру, ұйым туралы ақпарат тарату да қылмыс екенін ескертеміз. Мұндай адамдарға 5 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін түрмеге жабылады», — дейді Бас прокуратураның қылмыстық қуғындау қызметінің басшысы Ерлан Абаев.

Қазірдің өзінде прокурорлар экстремизмді насихаттаған Әблязов қозғалысының 5 мүшесін қамауға алған. Бірақ, олардың кім және не үшін ұсталғаны әзірге құпия.

Ал БТА банктен 7 жарым миллиард долларды жымқырып, сырттай 20 жылға сотталған қашқын олигархтың өзі қазір Францияда бас сауғалап жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір