• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:41:15
Алматы
+35°

29 Маусым, 2018 Спорт

Мұхамедиұлы Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу жайлы пікір білдірді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Геннадий Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу мәселесі талқыланды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу жайлы пікір білдірді.

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Головкинмен кездескен. Кездесу барысында бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Президентке өзінің чемпиондық белбеуін сыйға тартты.

«Бұл кездесуде мен де болдым. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен Геннадий Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда өткізу мәселесін талқыладық. Қазіргі уақытта Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр, өзге мемлекеттер чемпионатты өткізуде кезекте тұр. Ал Головкиннің жекпе-жегіне әлем қызығады», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Мұхамедиұлының айтуынша, бұл мәселе алдағы уақытта боксшының менеджерлерімен талқыланатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір