• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:26:13
Алматы
+35°

22 Желтоқсан, 2017

Мұхамедиұлы Данэлия Төлешованы Елбасының атынан құттықтады

Кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешованы «Голос. Дiти» шоуындағы жеңісімен құттықтады.

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  уакраиналық «Голос. Діти» шоуының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешованы «Голос. Дiти» шоуындағы жеңісімен құттықтады. «Мәдениет және спорт саласындағы кез-келген жетістіктер Қазақстан үшін өте маңызды. Данэлия, құттықтаймыз сені. Данэлияны Елбасымыздың және бүкіл қазақстандықтар атынан үлкен жетістігімен құттықтаймыз» - деп атап өтті министр.

Данэлия Төлешова

Кездесу барысында Данэлия Төлешова мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіріп, жақында өткен телевизиялық шоу жайлы әсерімен бөлісті, өзінің жоспарлары туралы айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық 11 жасар Данэлия Төлешова Украинадағы «Голос. Діти» ән байқауында жеңіске жеткен еді. Ол ақтық сында Океан Эльзы тобының «Не твоя війна» әнін украин тілінде орындады.

Данэлия Төлешова Димаш Құдайберген, Полина Гагарина, Ани Лорак сияқты өнер жұлдыздарымен бірге ән айтуды армандайды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдени іс-шараларының тұрақты қатысушысы Данэлия 2015 жылы «Аялаған Астана - 2015» балалар музыкалық конкурсының Гран-при иегері және көрермендер көзайымы. 2017 жылы «Байқоңырдың жарқын дауыстары»  халықаралық фестивалінің лауреаты, 2017 жылы Тбилисиде өткен (Грузия) «Балалар Евровидениесіндегі» «қазақстандық сағаттың» қатысушысы.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір