Мұстафа Шоқайдың рухани перзенті Әлім Алмат дүниеден озды

Мұстафа Шоқайдың рухани перзенті Әлім Алмат дүниеден озды
Ⓒqamshy.kz

Ыстамбұлдың Этилер ауданында тұратын Мұстафа Шоқайдың рухани ұлы Әлім Алмат 2018 жылы 1 ақпан күні 101 жаста дүниеден озды. 1917 жылы Ырғызда дүниеге келген Әлім Алмат дүниежүзілік соғыста немістерге тұтқынға түсіп Түркістан Легионында болған. Соғыстан кейін Париж қаласына барып Шоқайдың зайыбы Мария апамызды тапқан. Музикант жас жігітке көмектескен Мария оны Түркияға жібереді. Түркияда мемлекеттік консерваторияда ұзақ жылдар скрипкашы болып қызмет атқарды.

Әлім ағамызбен шоқайтанушы болғаннан кейін араласып тұратынмын. Ақ көңіл, әңгімешіл, кішіпейіл, Шоқай десе ішкен асын жерге қоятын керемет кісі еді. Шоқай немесе легион туралы жаңа еңбек жазғанда міндетті түрде бірінші ағамызға апарып оқып пікірін алып тұратынмын. Сонда ол жаңа шыққан кітаптарымды көріп қуанып батасын беріп отыратын.

Әлім Алмат

Туған ағамдай жақсы көретін Әлекеңнің өзі де мені жақсы көретін. Үйіне әр барғанымда, әр телефон соғып хал – жағдайын сұрағанымда қуанып қалатын. Бірақ өзі ешқашан маған телефон соғып шақырмайтын. Оның себебін “Сен ғалым адамсын, жұмысын көп телефон соғып үйіме шақырып уақтынды алғым келмейді. Қол бос болса, өзі келеді деп күтіп отырам” дейтін.

Оған келіп кетіп жүрген бір Шоқайтанушы “Сізше кім мықты Шоқайтанушы Әбекен бе? Мен ме? Оны ма көбірек жақсы көресіз, мені ме?” деп сұраған көрінеді. Сонда ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейтін ағамыз “Шоқайды кім зерттесе, азды көпті еңбек жазса, барлығын бірдей жақсы көрем, құрмет тұтам. Олардың ешқайсысын бірбірінен айырмаймын. Бәрі мен үшін бірдей қымбат” деп жауап берген.

Ағамыз Шоқай туралы, Алаш қайраткерлері туралы қызық анекдоттар айтып беретін. Әлекеннен естіген екі анекдотты ретінде келгенде айта кетейін.

Ағамыздың айтуынша Мұстафа Шоқай – Түркістан халықтарының тәуелсіз ел болуларына Еуропалықтардың қолдауын алу үшін конференциялар өткізу барысында бірде ол Англияға барады. Оның сөйлеген сөздерінен әсер алған бір ағылшын лорды Шоқайды үйіне қонаққа шақырады. Тиісті мекенжайды іздеп барса, үлкен аулалы үйдің қақпасында тұрған сақшысы Шоқайды кеудесінен итеріп есіктен кіргізбейді де “Сіздің бұл үйге кіруіңізге болмайды” дейді. Шоқай “неге?” деп сұрайды. “Өйткені, – дейді сақшы, – сіз үндістандықсыз. Үндістандықтар бұл үйге кіре алмайды.”

Сонда Шоқай “Жоқ, мен үндістандық емеспін, түркістандықпын, қазақпын. Және қожайының мені үйіне қонаққа шақырып еді” дегенде, “ә, онда кешіріңіз” деп үйге кіруіне рұхсат беріпті сақшы.

Бірақ бұл жолы Шоқай үйге кіруден бас тартыпты да, “Үндістандықтар кірмейтін үйге мен де кірмеймін” деп кетіп қалады. Сөйтіп Мұстафа Шоқай Шығыс халықтарын кемсіткен нәсілшілдікке өзінің қарсыластығын көрсеткен екен. Бұл сонымен қатар Шоқайдың жеке басының қамынан гөрі халықтың қамын ойлайтын принципшіл тұлға екенін де көрсетеді. Ертеңінде Лорд Шоқайдан неге келмегенін сұрап жағдайды білгеннен кейін қайта қайта кешірім сұрап, үйіне тағы шақырса да бармапты. Онымен бір ресторанда кездесіп әңгімелесіпті.

Әлім Алмат ағамыз бір әңгімесінде Алаш көсемдерінен Ахмет Байтұрсынұлын өз көзімен көргенін айтты. 1935 немесе 1936 жылы болу керек дейді, – Әлім Алмат ақсақал-, Алматыда көшеде келе жатқанда бойшаң сымбатты Ахаңды көрдім, сәлем бердім. Ол сәлемімді алды. Ахаң ол кезде Сібірде айдаудан қайтып келген кезі болатын. Алматыда университеттерде орыс ғалымдарына қазақ тілінен сабақ беріп жүретін. Сол сабақтарда орыстар онша мән бермей жүрген болса керек.
Сондай сабақтардың бірінде Ахаң орыс профессорынан сұрапты:
– Қазақстанда өмір сүру жақсы ма?
– Жақсы.
– Қазақтың қымызы жақсы ма?
– Жақсы.
– Қазақтың қазысы жақсы ма?
– Жақсы.
Қазақтың жері, қымызы, қазысы жақсы, бірақ тілі жаман, солай ма? Сен қазақ жерінде жақсы өмір кешіп қазысын жеп қымызын ішкенде, тілін неге үйренбейсін?” деп орыс профессорын ұялтқан екен.

Әлім Алмат

Әлім Алматы қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой скрипкашы. Нағашысы Темірбек Жүргеновтың қолдауымен жастайынан музика білімі ала бастаған. Консерваторияда оқып жүргенде 1939 жылы ол әскерге шақырылып, Брест қамалына жіберіледі. 1941 жылдың маусымында осында немістердің қолына тұтқынға түседі. Музыкант екенін білгеннен кейін, бір неміс офицері оны Берлинге жіберген. Сонда Түркістан Легионында істеген. Соғыстан кейін елге оралса, Сталин зобалаңынан өзінің аман қалмайтынын білген Ғалымжан Францияға бет алады. Осында 1947 жылы Мұстафа Шоқайдың зайыбы — Мария апамызға келіп қамқоршылығында болады. Өзінен көп жақсылық көрген марқұм Әлім ағамыз Марияға анам деп отыратын.

Мария Шоқай да өзінің естеліктерінде Әлім Алмат туралы айтады, ол былай дейді: “Бір жылдан кейін Германиядан скрипкашы Әлім келді. Ол өте жаңсы скрипкашы болатын. Оған консерватория бітіргені туралы диплом керек болатын. Өзі Москва филармониясының студенті еді. Соғыстың кесірінен оқуын аяқтай алмаған. Мен оны Париждегі Рахманинов атындағы орыс консерваториясына жаздырдым. Біраң ол профессор Андреевті педагог ретінде ұнатпады, мәшһүр бір француз профессорынан жеке сабақ ала бастады, экстерн ретінде емтиханға кірді. Емтиханды жақсы тапсырып дипломын алған соң Түркияға кетті. Түркияда үйленіп, ресми қызметке түрды. Қазір жеке дәрістер де беріп, музыкант-педагог ретінде үлкен табыстарға жетіп жүрген көрінеді”.

Әлім Алмат

Кейін атап айтқанда 1950 жылы Әлім Алмат Түркияға барып тұрақтады. Осы жерде Ғалымжан Әбдісәлемұлы деген аты-жөнін өзгертіп, Әлім Алмат атанады. Музыкант ретінде Ыстамбұлда мемлекеттік консерваторияда скрипкашы ретінде жұмыс істеп 1975 жылы құрметті демалысқа шыққан.

Әлім Алмат текті отбасының ұрпағы. Оның атасы Алмат Тобабергенұлы (1805-1897) өз заманында үлкен сәудегер болған. Жастайынан Ресей патшалығы, Бұхар, Хиуа, Қоқан хандықтары арасындағы сауда керуендеріне ілесіп сауда істеген, сөйтіп жүріп орыс тілін үйренген. Тіл білгендігі үшін Ресей патшалығы мен Түркістан хандықтары арасында дипломатиялық миссияларға қатысқан.

Әлім Алмат

Сондай-ақ, Алмат Тобабергенұлының патша шенеуніктері мен Кенесары хан арасында жүргізілген келіссөздерге де араласқаны жөнінде халық арасында айтылады.

Алмат Тобабергенұлы бес ұл, сүйген. Самырат, Төремұрат, Мұхамбетқали (Махан), Қосмұрат, Пірмахан. Осы ұлдарының ішінде— Төремұрат Әлім Алматтың атасы болып келеді. Төремұраттан Әбдісәлем, Әбдісәлемнен Ғалымжан яғни Әлім Алмат туады.

2018 жылы, 1 ақпан күні Ыстамбұл қаласында 101 жаста дүниеден қайтқан марқұм Әлім Алмат ағамыздың иманы жолдас, топырағы торқа болсын!

Әбдіуақап Қара
Тарих ғылымының докторы,

Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    Топырағы торқа, иманы жолдасы болсын!

    1
    Атырауда лифтіде құлап қайтыс болған балалар туралы куәгерлер айтып берді
    23/05 11:09 0 1
    2
    Цукерберг әлеуметтік желі нарығындағы Facebook-тың монополиясы жайлы айтты
    23/05 10:31 0 91
    3
    Жалған ОҢАЙ! бақылаушыларынан сақ болыңыз
    23/05 10:29 0 25
    «Пацаны зовут его Батя» фильмі Севастопольде арнайы жүлдеге ие болды
    23/05 10:21 0 17
    Головкинді чемпион белбеуінен айыруға қатысты тыңдау өтіп жатыр
    23/05 09:30 0 415

    Таныстырылғандар

    Мобильді журналистиканың мүмкіндігі қандай?
    Мобильді журналистиканың мүмкіндігі қандай?
    Мобильді журналистиканың мүмкіндігі қандай?
    Еуразия медиа форумында бұдан басқа да 5 авторлық шеберлік сабағы ұйымдастырылып отыр.
    10/05/2018 10:52 0 189
    Теңге мен мемлекеттік рәміздердің авторы Тимур Сүлейменов қайтыс болды
    Теңге мен мемлекеттік рәміздердің авторы Тимур Сүлейменов қайтыс болды
    Теңге мен мемлекеттік рәміздердің авторы Тимур Сүлейменов қайтыс болды
    Марқұммен қоштасы 11 мамыр күні сағат 10-да Алматыдағы білхан Қастеев атындағы Өнер мұражайында өтеді.
    10/05/2018 17:11 0 2286
    Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтініштер қабылдайды
    Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтініштер қабылдайды
    Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтініштер қабылдайды
    Жеңімпаздар Байланыс және ақ­па­рат қызметкерлерінің күні қарсаңында жарияланады.
    11/05/2018 14:41 0 233
    Қытай жасанды алмасына жазу жазып жіберсе де тұтынамыз
    Қытай жасанды алмасына жазу жазып жіберсе де тұтынамыз
    Қытай жасанды алмасына жазу жазып жіберсе де тұтынамыз
    Суретке қараңыз!.. Бұл – Астанадағы сауда желілерінің сөресінде тұрған Қытай алмасы.
    14/05/2018 09:36 0 2212
    Рамазан айына байланысты ҚМДБ арнайы құттықтауы
    Рамазан айына байланысты ҚМДБ арнайы құттықтауы
    Рамазан айына байланысты ҚМДБ арнайы құттықтауы
    Рамазан – жақсылық айы. Оразада әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады.
    14/05/2018 15:14 0 741
    Алматыда ашынған саудагерлер бас көтерді  (видео)
    Алматыда ашынған саудагерлер бас көтерді (видео)
    Алматыда ашынған саудагерлер бас көтерді (видео)
    Автобөлшек сататын орталықта нанын тауып отырғандар контейнерді жалға алу ақысының күрт артуына наразылығын білдіріп бүгін бас көтерді.
    16/05/2018 00:04 0 1548
    12 жастағы қызды зорламақ болған азғынның әрекеті камераға түсті (видео)
    12 жастағы қызды зорламақ болған азғынның әрекеті камераға түсті (видео)
    12 жастағы қызды зорламақ болған азғынның әрекеті камераға түсті (видео)
    Оқиға тапа-тал түсте Екібастұз шаһарындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
    16/05/2018 00:11 0 5840
    БҰҰ: Ресей халқы 2050 жылы 133 миллионға кемиді
    БҰҰ: Ресей халқы 2050 жылы 133 миллионға кемиді
    БҰҰ: Ресей халқы 2050 жылы 133 миллионға кемиді
    Ресейдегі адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 72,5 жас.
    17/05/2018 16:27 0 781
    Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасы: Бұл сұмдықты бастарыңа бермесін
    Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасы: Бұл сұмдықты бастарыңа бермесін
    Мәскеуде қайтыс болған қыздың анасы: Бұл сұмдықты бастарыңа бермесін
    Қызының ендігі жоқтығына көне алмай жүрген ананың жазбасы желі қолданушыларының көңілін босатты.
    18/05/2018 10:10 0 6647
    Абай ауылының "зорланған" 7 жастағы тұрғынына қатысты деректер шықты
    Абай ауылының "зорланған" 7 жастағы тұрғынына қатысты деректер шықты
    Абай ауылының "зорланған" 7 жастағы тұрғынына қатысты деректер шықты
    Құрманғазы Мүсір мен қоғам қайраткері Аружан Саин 7 жастағы балаға қатысты іс қалай жүріп жатқанын Facebook парақшасында жазды.
    18/05/2018 11:05 0 8905
    Журналистерге арналған байқау жарияланды. Жүлде қоры – 1 миллион теңге
    Журналистерге арналған байқау жарияланды. Жүлде қоры – 1 миллион теңге
    Журналистерге арналған байқау жарияланды. Жүлде қоры – 1 миллион теңге
    Байқаудың мақсаты – тілшілер қоғамын Елорданың мерейтойы мен өмірі туралы жарықтандыруға жұмылдыру.
    18/05/2018 17:24 0 296
    Ұлттық сананың қатері – псевдосалафилер
    Ұлттық сананың қатері – псевдосалафилер
    Ұлттық сананың қатері – псевдосалафилер
    Елге төніп тұрған қауіптің ең қайырсызы айта-айта жауыр болған псевдосалафилердің идеясы болып отыр.
    21/05/2018 11:16 0 221
    Қазақстан бойынша туу көрсеткіші жоғары қалалар анықталды
    Қазақстан бойынша туу көрсеткіші жоғары қалалар анықталды
    Қазақстан бойынша туу көрсеткіші жоғары қалалар анықталды
    Былтыр қыздарға қарағанда ер балалар көбірек дүниеге келді.
    21/05/2018 18:25 0 856
    Мамандар Семейдегі орманнан шыққан өрттің себебін атады
    Мамандар Семейдегі орманнан шыққан өрттің себебін атады
    Мамандар Семейдегі орманнан шыққан өрттің себебін атады
    Өрттің себебін мамандар адами фактордың әсерінен болған деп болжайды.
    22/05/2018 17:03 0 288
    "Құлап бара жатқан ұшақта Құдайға сенбейтін адам болмайды" (видео)
    "Құлап бара жатқан ұшақта Құдайға сенбейтін адам болмайды" (видео)
    "Құлап бара жатқан ұшақта Құдайға сенбейтін адам болмайды" (видео)
    Видеодан ұшақтағы адамдардың жанұшыра айқайлап, қорыққанын аңғаруға болады.
    23/05/2018 08:52 0 2669