• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 07:35:06
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 Оқиғалар

Мұсылмандарды қырған әйел тағы бір марапатынан айырылды

Мьянма мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи өзі білім алған Оксфордтағы адам құқықтары саласындағы марапатынан айырылып қалды..

Мьянма мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи өзі білім алған Оксфордтағы адам құқықтары саласындағы марапатынан айырылып қалды, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.  

Оксфордтың қалалық кеңесі бирмалық саясаткерді марапаттан айыруға бірауыздан дауыс берген. Бұл шешім әлемге танымал оқу орнында білім алған Мьянма басшысының мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық пен геноцидтік әрекеттерге көз жұма қарауы Оксфорд беделіне нұқсан келтіреді деген себеппен қабылданған.

Айта кететін болсақ, тамыз айының соңында Мьянмадан Бангладешке 500 мыңнан аса рохинджалық мұсылман қашып шыққан. Мьянмадағы  рохинджа мұсылмандары мен жергілікті тұрғындардың арасында бірнеше жыл бойы заңсыздықтар болған. Адам құқықтары саласында белсенділігімен белгілі Мьянма көсемі Аун Сан Су Чжи осы әрекеттерге немқұрайлы қарағандықтан қатаң сынға ұшырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір