• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:54:44
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2018 NEWS

Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады

Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады

Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып. Қорғаушы жақ сот отырысын жабық түрде өтуін сұрап, видеоға түсіруге тыйым салды. 

Таразда 13 жылдан кейін кісі өлтіргенін мойындаған Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты аты шулы сот процестің алғашқы тыңдалымы өтті. 

Шыны королі сот отырысына өзі келіп, адвокаты екеуі түсірілімге тыйым салуды сұрады. Судья өтінішті қанағаттандырған. 

Мұратхан Тоқмәди "Тұран Әлем Банкінің" бұрынғы басшы Ержан Тәтішевті қасақана жазым еткенін 13 жылдан кейін мойындап отыр. 

Еске сала кетсек, белгілі кәсіпкер бұған дейін үш рет сотталған. Өткен жылы бірнееше ауыр баптармен айыпталған Мұратхан Тоқмәди бар кінәсін мойындап, тергеу жұмыстарына көмектескені үшін жазасы жеңілдетілген болатын.  Бұл жолы адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Мұратхан Тоқмәди өмір бойы түрмеге жабылуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір