• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:37:33
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 NEWS

Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сотқа төрағалық еткен Азамат Тілепов үкімнің мәтінін оқыды. Оған сәйкес, бизнесмен, бұрын ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы болған

Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Наурыздың 16-сы күні Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 51 жастағы бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиді 10 жыл алты айға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарды. Сот оны 2004 жылы бұрынғы "ТұранӘлем Банк" жетекшісі Ержан Тәтішевті тапсырыс бойынша атып өлтіргені үшін айыпты деп таныды. Сот үкіміне сәйкес, Тоқмәди жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

— Бизнесмен бұрын ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы болған, 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталған Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Осы мерзімге 2017 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық соты шығарған үкімнің мерзімі де кіреді. М. Тоқмәди жазаны қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемеде өтейтін болды, - деп мәлімдеді Сотқа төрағалық еткен Азамат Тілепов.

Айта кетсек, Прокурор Мұратхан Тоқмәдиді 11 жыл және 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір