24Қазан

Мүмкіндігі шектеулі отбасы үйсіз қалғалы тұр

Мүмкіндігі шектеулі отбасы үйсіз қалғалы тұр
Ⓒжеке мұрағаттан

Елімізде тағдыр тауқыметіне түсіп, туа бітті мүгедек болып жатқандар және жол көлік апатынан мүгедек болғандар өте көп. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар өмір сүріп жатыр. Солардың 69 мыңы жастайынан тағдыр тауқыметіне түсіп, қиыншылық көріп жүрген балалар. Әрине, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеу, мектепке баруын, тұрғын үй мәселесін мемлекет өз қарамағына алды, бірақ шетте қалып отырған жандар қаншама.

Солардың бірі – Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Байтуған ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Елдар мен анасы Букпина Ботагөз. Елдардың анасы Ботагөз ханым редакциямызға хабарласып, өзінің жағдайын айтқан болатын: «Мен мектепте еден жуушы болып жұмыс істеймін. Жалақым 25 000 теңге. Қазіргі заманда 25 000 теңгемен өмір сүру мүмкін емес. Ауданға баруға адам басына 400 теңге алады, балам екеуміз барсақ, 1600 теңге кетеді. Ал ауылда не дәріхана, не аурухана жоқ.  Ай сайын ауданға бес-алты рет барамыз. Ал, 25000 теңге ештеңеге де жетпейді. Елдардың алатын ақшасы өзінің дәрілеріне кетеді. 2012 жылы Нұра ауданына барып, тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған болатынмын. Содан бері бес жыл өтті, әлі хабар жоқ. Ауыл әкіміне тұрғын үй туралы барып едім, сіздің үйге комиссия жібереміз,  үйіңізді көреді, бірақ барып көру үшін 60 000 теңге ақша төлейсіз деді. "Менің 60 000 теңге төлейтін жағдайым жоқ", – деп кетіп қалған болатынмын», – деп айтқан болатын. "Қыстың қамын жаз ойла" деп Ботагөз ханым әкімшіліктің табалдырығын тоздырып біткен. Ботагөз ханымнан Елдардың жағдайын сұрап білген едік.

Елдар туа бітті мүмкіндігі шектеулі ме?

Жоқ, туа бітті мүгедек емес, Елдардың ауруы жүре келе пайда болды. Елдар дүниеге келгенде дәрігерлер жүрегінде тесік бар деген болатын. Бірақ ешқандай ауру белгілері байқалмады. Елдар жасөспірімдердің қатарына қосылған кезде тісін жұлдыртқан, содан мойнында ісік пайда болды. Қарағандыға тексерткен кезде дәрігерлер онкологиялық ауру екенін деді.

Балаңызды орта мектепке бердіңіз бе әлде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектепке бердіңіздер ма?

Балам көз алдымда жүрсін деп, Байтуған атындағы орта мектепке бердім.  Мен мектепте жұмыс істейтіндіктен, баламды еш қиындықсыз мектепке қабылдады.

Мектепте Елдардың балалармен қарым-қатынасы қандай? Ұстаздар Елдарға қалай қарайды?

Елдардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы. Елдар мектепке дейінгі даярлау сыныбына баратын кезде ауырып қалды, сосын баламның білімі сыныптастарына қарағанда өте төмен. Бірінші сынып пен төртінші сынып аралығында да мектепке толыққанды бара алмады. Себебі Қарағанды қаласына барып ем алып тұрғандықтан, сабаққа бармай қалған күндері көп болды. Қазір балам алтыншы сыныпқа көшті.

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-анаға қиын тимейтіні анық, әсіресе Ботагөз секілді жалғыз басты аналарға. Әкімшілікке барудан шаршаған Ботагөз ханымның жағдайын Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімшілігіне айтқан болатынбыз.

«2017 жылы 6 ақпан күні Букпина Ботагөз ханым әкімнің қабылдауында болды. Мемлекет тарапынан  Ботагөз Тұрарқызына әлеуметтік көмек көрсетілген болатын. Ботагөз ханымның баласы мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына жатқандықтан, айына мемлекеттен жәрдемақы алады. Егер де мемлекеттен 28 000 теңгеден кем жәрдемақы алатын болса, біз материалдық көмек көрсете аламыз. Ботагөз Тұрарқызы көп көлемде жәрдемақы алады. Ал тұрғын үй кезегіне келетін болсақ, Ботагөз 2012 жылдың 28 шілде айында 72-ші болып кезекке тұрған екен. Бізде мүмкіндігі шектеулі жандар өте көп, барлығы бірдей тұрғын үй кезегінде тұр.  Ботагөз ханым тұрып жатқан үйін арнайы лицензиясы бар комиссия үйін тексеріп, тұруға жарамсыз деп тапса, біз кезекті жылжытамыз», – дейді Нұра ауданы әкімшілігінің құжаттама бөлімінің басшысы Ермекова Динара.

Қазіргі кезде көптеген отбасы қандай жағдайда баспанаға қол жеткізе алатынын білмейді:

  1. Тұлғаның берік психотикалық симптоматикасы бар жандар;
  2. Аяқ-қол және жамбас мүшелері қызметтерінің бұзылуымен орталық жүйке жүйесінің органикалық және жарақаттан кейінгі зақымданғандар;
  3. Нәжістік, зәрлік және қынаптық жыланкөздер, зәр қабының стомасы барлар;
  4. Бронхылы демікпенің ауыр формасы, үздіксіз қайталанатын жиі ұстамасы бар ағымы, қиындаған ІІІ деңгейлі тыныс жеткіліксіздігі бар жандар;
  5. Қозғалыс қызметтерінің бұзылуымен тұқым қуалаушылық алға басушы жүйке-бұлшықет дистрофиясының нысандарымен ауыратындар;
  6. Қант диабеті І түрі және ауыр нысаны болып табылса, баспанаға қол жеткізе алады.

Өмір бір айналдырса, шыр айналдырады демей ме. Айналамызда табиғи мүмкіндігінен айырылған жандар өте көп. Өкінішке қарай,  мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығына бірдей көмек көрсетіле бермейді. Әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр, дегенмен бір реттік әлеуметтік көмек қыстан аман шығуына, уайымсыз өмір сүруіне кепілдік бермейді. Жыртыққа жамау жасап отырған Ботагөз ханым да елеусіз қалып отыр. Уақыты келер деп жүргендер қаншама?

Мемлекет мүмкіндігі шектеулі отбасылардың бәріне жеткілікті көмек көрсетілсе, мүмкіндігі шектеулі жандарға, әсіресе балаларға баса назар аударып, барлық мәселелерін шешіп берсе, бейкүнә балалардың қуанышында шек бомас еді. 

Дайындаған: Ақнұр МҰХТАРХАН

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 2 ай бұрын

    Салеметсизбе сиздерге улкен рахмет.комекке муктаж болып отырган, мугетек асырап отырган жанжарга кол ушын берип осындай акпараттарды тапсырганынызга рахмет.Ар мугедек асырап отырган ата-аналар алеуметтик жагынан барлык жагдайлары жасалса екен..

  • 2 ай бұрын

    Мемлекет мүмкіндігі шектеулі балалардың тағдырына дəл осы тілшілер сияқты жанашырлық танытып,көмек қолын созса екен. Құлағалы тұрған,кішкентай ғана үйде онкологиялық аурумен тұрып жатқан ана мен баланың тағдырына сол аумақта тұратын ауқатты азаматтар мен əкімшілік намыстары болса көмектесер деген үміттеміз. Жақсы хабар күтейік!

1
Әйел зорлайтындарды жақтаушылар: Олардың да айтары бар...
23/10 19:36 0 443
2
Әлемдегі қай ел есірткі қолданудан көш бастап тұр? (карта)
23/10 18:57 0 250
3
Қазақстанның төрт облысында дауыл соғатыны ескертілді
23/10 18:44 1 4375
Аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту Карталары депутаттарға таныстырылды
23/10 17:55 0 125
Франция Президенті Эмманюэль Макронның иті маңызды кездесуде дәрет сындырды
23/10 17:27 1 203

Таныстырылғандар

Вьетнамда су тасқыны құрбандарының саны 48 адамға жетті
Вьетнамда су тасқыны құрбандарының саны 48 адамға жетті
Вьетнамда су тасқыны құрбандарының саны 48 адамға жетті
Шетелдік басылымдардың мәліметінше, бейсенбі күні таңертең Хоабинь провинциясында сел жүру салдарынан жеті үй құлап, 18 адам үй астында алған
12/10/2017 14:43 0 323
Латын әліпбиіне қатысты ақпараттарды қамтитын портал іске қосылады
Латын әліпбиіне қатысты ақпараттарды қамтитын портал іске қосылады
Латын әліпбиіне қатысты ақпараттарды қамтитын портал іске қосылады
Жұмыс тобына елімізге танымал 5 ғалым кірген
13/10/2017 09:11 28 303
АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шығады
АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шығады
АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шығады
АҚШ-тың мұндай қадамына халықаралық ұйым қарызының ұлғаюы, реформаның жүргізілмеуі және Израильге қарсы позициясы алаңдаушылық туғызып, түрткі болған.
13/10/2017 09:35 0 464
Әлемнің ғалымдарын қызықтырған сұраққа 17 жастағы мұсылман жауап берді
Әлемнің ғалымдарын қызықтырған сұраққа 17 жастағы мұсылман жауап берді
Әлемнің ғалымдарын қызықтырған сұраққа 17 жастағы мұсылман жауап берді
Пәкістандық он жеті жасар мұсылман Мұхаммед Шахир Ниази «электрлі шикізаттың» қалыптасу механизмі туралы электродинамика мәселесін шешіп берді.
15/10/2017 11:33 0 2761
Батыста жаңа босанған аналар өз ұрықжолдасын жеуді сәнге айналдырды (видео)
Батыста жаңа босанған аналар өз ұрықжолдасын жеуді сәнге айналдырды (видео)
Батыста жаңа босанған аналар өз ұрықжолдасын жеуді сәнге айналдырды (видео)
Жаңа босанған батыстың Ким Кардашиан және Колин Руни сынды танымал әйелдері өз ұрықжолдасынан жасалған таблетканы жеуді сәнге айналдырды.
17/10/2017 16:26 0 8008
Латынға Байтұрсыновша көшу
Латынға Байтұрсыновша көшу
Латынға Байтұрсыновша көшу
Пернетақтадағы халықаралық латын әріптері максималды деңгейде қолданылады
18/10/2017 09:47 26 794
Рамзан Қадыров Өзбекстанда: Көшедегі күтпеген кездесу (видео)
Рамзан Қадыров Өзбекстанда: Көшедегі күтпеген кездесу (видео)
Рамзан Қадыров Өзбекстанда: Көшедегі күтпеген кездесу (видео)
Қадыров Ислам Кәрімовтың қабіріне барғаны туралы ақпарат бар
18/10/2017 12:09 0 7876
Ресейдің атышулы тележүргізушісі президент сайлауына кандидатурасын ұсынды
Ресейдің атышулы тележүргізушісі президент сайлауына кандидатурасын ұсынды
Ресейдің атышулы тележүргізушісі президент сайлауына кандидатурасын ұсынды
Видео 20 минут ішінде 78 000 мың қаралым жинап үлгерді
19/10/2017 08:49 0 388
Жүргізуші :«Қазір әжеге ешкім орын бермесе, онда орынды мен беремін»
Жүргізуші :«Қазір әжеге ешкім орын бермесе, онда орынды мен беремін»
Жүргізуші :«Қазір әжеге ешкім орын бермесе, онда орынды мен беремін»
Шымкенттегі автобустардың бірінің жүргізушісі іліп қойған
19/10/2017 10:36 3 787
Алматыда қарттар арасында қалалық спартакиада өтті
Алматыда қарттар арасында қалалық спартакиада өтті
Алматыда қарттар арасында қалалық спартакиада өтті
Аталған жарыс ардагерлер ұйымының 30 жылдығына және Халықаралық қарттар күніне арналған.
19/10/2017 13:26 0 304
Алматыда «100 нақты қадам» ұлт жоспары» төңірегінде дөңгелек үстел өтті
Алматыда «100 нақты қадам» ұлт жоспары» төңірегінде дөңгелек үстел өтті
Алматыда «100 нақты қадам» ұлт жоспары» төңірегінде дөңгелек үстел өтті
Қоғамдық кеңес ең бірінші кезекте халықпен жұмыс істейді және де жауапты құзырлы органдарға жетпей қалған мұң-мұқтаждықтар мәселесін барынша шешуге тырысады
20/10/2017 10:22 0 1743
АҚШ террористердің Сирияда химиялық қару қолданғанын бірінші рет растады
АҚШ террористердің Сирияда химиялық қару қолданғанын бірінші рет растады
АҚШ террористердің Сирияда химиялық қару қолданғанын бірінші рет растады
АҚШ-тың мемлекеттік басқармасы «Джебхат ан-Нусрамен»  байланысы бар террористердің Сириядағы Идлиб аймағында химиялық қару қолданғандығын мойындады.
20/10/2017 13:07 0 183
Қырғызстан Қазақстанның $100 млн. көмегінен бас тартты
Қырғызстан Қазақстанның $100 млн. көмегінен бас тартты
Қырғызстан Қазақстанның $100 млн. көмегінен бас тартты
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қырғыздардың көмектен бас тартатыны туралы ресми мәлімет түспегенін хабарлаған
23/10/2017 08:53 4 663
Google назарындағы қазақстандық ғаламтор пайдаланушылар
Google назарындағы қазақстандық ғаламтор пайдаланушылар
Google назарындағы қазақстандық ғаламтор пайдаланушылар
Ғаламтордағы уақыт өткізуі ғаламдық үрдістермен сәйкес келеді.
23/10/2017 12:01 0 126
ҚР Мемлекеттік хатшысы Анхель Гурриамен кездесті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Анхель Гурриамен кездесті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Анхель Гурриамен кездесті
Мемлекеттік хатшы Алматы қаласында Еуразия апталығын өткізу идеясын қолдағаны үшін Бас хатшыға алғыс білдірді
23/10/2017 12:48 0 161