19Тамыз

Мүмкіндігі шектеулі отбасы үйсіз қалғалы тұр

Мүмкіндігі шектеулі отбасы үйсіз қалғалы тұр
Ⓒжеке мұрағаттан

Елімізде тағдыр тауқыметіне түсіп, туа бітті мүгедек болып жатқандар және жол көлік апатынан мүгедек болғандар өте көп. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар өмір сүріп жатыр. Солардың 69 мыңы жастайынан тағдыр тауқыметіне түсіп, қиыншылық көріп жүрген балалар. Әрине, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеу, мектепке баруын, тұрғын үй мәселесін мемлекет өз қарамағына алды, бірақ шетте қалып отырған жандар қаншама.

Солардың бірі – Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Байтуған ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Елдар мен анасы Букпина Ботагөз. Елдардың анасы Ботагөз ханым редакциямызға хабарласып, өзінің жағдайын айтқан болатын: «Мен мектепте еден жуушы болып жұмыс істеймін. Жалақым 25 000 теңге. Қазіргі заманда 25 000 теңгемен өмір сүру мүмкін емес. Ауданға баруға адам басына 400 теңге алады, балам екеуміз барсақ, 1600 теңге кетеді. Ал ауылда не дәріхана, не аурухана жоқ.  Ай сайын ауданға бес-алты рет барамыз. Ал, 25000 теңге ештеңеге де жетпейді. Елдардың алатын ақшасы өзінің дәрілеріне кетеді. 2012 жылы Нұра ауданына барып, тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған болатынмын. Содан бері бес жыл өтті, әлі хабар жоқ. Ауыл әкіміне тұрғын үй туралы барып едім, сіздің үйге комиссия жібереміз,  үйіңізді көреді, бірақ барып көру үшін 60 000 теңге ақша төлейсіз деді. "Менің 60 000 теңге төлейтін жағдайым жоқ", – деп кетіп қалған болатынмын», – деп айтқан болатын. "Қыстың қамын жаз ойла" деп Ботагөз ханым әкімшіліктің табалдырығын тоздырып біткен. Ботагөз ханымнан Елдардың жағдайын сұрап білген едік.

Елдар туа бітті мүмкіндігі шектеулі ме?

Жоқ, туа бітті мүгедек емес, Елдардың ауруы жүре келе пайда болды. Елдар дүниеге келгенде дәрігерлер жүрегінде тесік бар деген болатын. Бірақ ешқандай ауру белгілері байқалмады. Елдар жасөспірімдердің қатарына қосылған кезде тісін жұлдыртқан, содан мойнында ісік пайда болды. Қарағандыға тексерткен кезде дәрігерлер онкологиялық ауру екенін деді.

Балаңызды орта мектепке бердіңіз бе әлде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектепке бердіңіздер ма?

Балам көз алдымда жүрсін деп, Байтуған атындағы орта мектепке бердім.  Мен мектепте жұмыс істейтіндіктен, баламды еш қиындықсыз мектепке қабылдады.

Мектепте Елдардың балалармен қарым-қатынасы қандай? Ұстаздар Елдарға қалай қарайды?

Елдардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы. Елдар мектепке дейінгі даярлау сыныбына баратын кезде ауырып қалды, сосын баламның білімі сыныптастарына қарағанда өте төмен. Бірінші сынып пен төртінші сынып аралығында да мектепке толыққанды бара алмады. Себебі Қарағанды қаласына барып ем алып тұрғандықтан, сабаққа бармай қалған күндері көп болды. Қазір балам алтыншы сыныпқа көшті.

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-анаға қиын тимейтіні анық, әсіресе Ботагөз секілді жалғыз басты аналарға. Әкімшілікке барудан шаршаған Ботагөз ханымның жағдайын Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімшілігіне айтқан болатынбыз.

«2017 жылы 6 ақпан күні Букпина Ботагөз ханым әкімнің қабылдауында болды. Мемлекет тарапынан  Ботагөз Тұрарқызына әлеуметтік көмек көрсетілген болатын. Ботагөз ханымның баласы мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына жатқандықтан, айына мемлекеттен жәрдемақы алады. Егер де мемлекеттен 28 000 теңгеден кем жәрдемақы алатын болса, біз материалдық көмек көрсете аламыз. Ботагөз Тұрарқызы көп көлемде жәрдемақы алады. Ал тұрғын үй кезегіне келетін болсақ, Ботагөз 2012 жылдың 28 шілде айында 72-ші болып кезекке тұрған екен. Бізде мүмкіндігі шектеулі жандар өте көп, барлығы бірдей тұрғын үй кезегінде тұр.  Ботагөз ханым тұрып жатқан үйін арнайы лицензиясы бар комиссия үйін тексеріп, тұруға жарамсыз деп тапса, біз кезекті жылжытамыз», – дейді Нұра ауданы әкімшілігінің құжаттама бөлімінің басшысы Ермекова Динара.

Қазіргі кезде көптеген отбасы қандай жағдайда баспанаға қол жеткізе алатынын білмейді:

  1. Тұлғаның берік психотикалық симптоматикасы бар жандар;
  2. Аяқ-қол және жамбас мүшелері қызметтерінің бұзылуымен орталық жүйке жүйесінің органикалық және жарақаттан кейінгі зақымданғандар;
  3. Нәжістік, зәрлік және қынаптық жыланкөздер, зәр қабының стомасы барлар;
  4. Бронхылы демікпенің ауыр формасы, үздіксіз қайталанатын жиі ұстамасы бар ағымы, қиындаған ІІІ деңгейлі тыныс жеткіліксіздігі бар жандар;
  5. Қозғалыс қызметтерінің бұзылуымен тұқым қуалаушылық алға басушы жүйке-бұлшықет дистрофиясының нысандарымен ауыратындар;
  6. Қант диабеті І түрі және ауыр нысаны болып табылса, баспанаға қол жеткізе алады.

Өмір бір айналдырса, шыр айналдырады демей ме. Айналамызда табиғи мүмкіндігінен айырылған жандар өте көп. Өкінішке қарай,  мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығына бірдей көмек көрсетіле бермейді. Әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр, дегенмен бір реттік әлеуметтік көмек қыстан аман шығуына, уайымсыз өмір сүруіне кепілдік бермейді. Жыртыққа жамау жасап отырған Ботагөз ханым да елеусіз қалып отыр. Уақыты келер деп жүргендер қаншама?

Мемлекет мүмкіндігі шектеулі отбасылардың бәріне жеткілікті көмек көрсетілсе, мүмкіндігі шектеулі жандарға, әсіресе балаларға баса назар аударып, барлық мәселелерін шешіп берсе, бейкүнә балалардың қуанышында шек бомас еді. 

Дайындаған: Ақнұр МҰХТАРХАН

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    Салеметсизбе сиздерге улкен рахмет.комекке муктаж болып отырган, мугетек асырап отырган жанжарга кол ушын берип осындай акпараттарды тапсырганынызга рахмет.Ар мугедек асырап отырган ата-аналар алеуметтик жагынан барлык жагдайлары жасалса екен..

  • 1 апта бұрын

    Мемлекет мүмкіндігі шектеулі балалардың тағдырына дəл осы тілшілер сияқты жанашырлық танытып,көмек қолын созса екен. Құлағалы тұрған,кішкентай ғана үйде онкологиялық аурумен тұрып жатқан ана мен баланың тағдырына сол аумақта тұратын ауқатты азаматтар мен əкімшілік намыстары болса көмектесер деген үміттеміз. Жақсы хабар күтейік!

1
NASA жерге құлап келе жатқан астероидтың видеосын жариялады
19/08 12:59 0 1064
2
Ресейлік ФСБ қызметкерлері мигранттарды тыңшы болуға үгіттеуде
19/08 12:21 0 232
3
Путин: «Әлем терроризмге қарсы күш біріктіру керек»
19/08 12:18 0 106
Германияда белгісіз адам жұртқа пышақпен шабуыл жасады
19/08 12:05 0 76
Обаманың пікірі интернет тарихындағы ең танымал пікірге айналды
19/08 12:01 0 297

Таныстырылғандар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды

Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Ақтөбедегі әуежайдың ұшып-қону жолағының бұрылыс жобасы таныстырылды
11/08/2017 13:28 0 346
Мүмкіндігі шектеулі отбасы үйсіз қалғалы тұр
Мүмкіндігі шектеулі отбасы үйсіз қалғалы тұр

Мүмкіндігі шектеулі отбасы үйсіз қалғалы тұр

Мүмкіндігі шектеулі баланың анасының жан айқайы
11/08/2017 13:53 2 426
Мектеп формасын белгілі дүкеннен алуға мәжбүрлеген директорлар жазаланады
Мектеп формасын белгілі дүкеннен алуға мәжбүрлеген директорлар жазаланады

Мектеп формасын белгілі дүкеннен алуға мәжбүрлеген директорлар жазаланады

Ата-аналар эмблема тігілген пиджак немесе желетке сатып алуға міндетті емес.
11/08/2017 15:21 0 1164
Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде алдағы күндері ауа температурасы төмендейді
11/08/2017 16:08 0 950
Орыс баласы: Қазақ тілін білмейтін қазақтарға «Ұят-ай» деймін
Орыс баласы: Қазақ тілін білмейтін қазақтарға «Ұят-ай» деймін

Орыс баласы: Қазақ тілін білмейтін қазақтарға «Ұят-ай» деймін

Орысша үйренемін деп жүрген Фараби өзінің досы Артемға қазақша үйретіп, мәселенің басқа шешімін тауыпты
14/08/2017 13:21 2 415
Атырауда басқарма басшылары тағайындалды
Атырауда басқарма басшылары тағайындалды

Атырауда басқарма басшылары тағайындалды

Елеусізов Айқын Қылышұлы 28 қаңтар 1986 жылы дүниеге келген
14/08/2017 19:24 0 608
Америка жаңа санкция салған жағдайда Иран ядролық келісімді бұзады
Америка жаңа санкция салған жағдайда Иран ядролық келісімді бұзады

Америка жаңа санкция салған жағдайда Иран ядролық келісімді бұзады

Бұл туралы Иран президенті Хасан Роухани мәлімдеді.
Аудио тыңдау
15/08/2017 14:41 1 276
Астананың тарихи орындар картасына қандай мәдени ескерткіштер енді?
Астананың тарихи орындар картасына қандай мәдени ескерткіштер енді?

Астананың тарихи орындар картасына қандай мәдени ескерткіштер енді?

Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың жаңғыруына қатысты тоқталды.
15/08/2017 17:39 3 65
Дональд Трамп ескерткіштерді бұзуға қарсы шықты
Дональд Трамп ескерткіштерді бұзуға қарсы шықты

Дональд Трамп ескерткіштерді бұзуға қарсы шықты

Дональд Трамп ескерткіштерді бұзуға қарсы шығып, БАҚ өкілдерін тарихты өзгертуге тырысып жатқандарын айтып айыптады
16/08/2017 09:55 1 400
Алаш зиялылары преференциялық зайырлылықты таңдаған еді
Алаш зиялылары преференциялық зайырлылықты таңдаған еді

Алаш зиялылары преференциялық зайырлылықты таңдаған еді

Алаш қайраткерлері өкіметтің Бас уәкілдігі жанынан діни істермен айналысатын жоғары инстанция құруды қолға алды.
16/08/2017 14:04 1 164
ҚР Қаржы министрлігі Астана қаласының сол жағалауына көшеді
ҚР Қаржы министрлігі Астана қаласының сол жағалауына көшеді

ҚР Қаржы министрлігі Астана қаласының сол жағалауына көшеді

Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық азаматтық қызметкерлері босаған ғимаратқа көшеді
Аудио тыңдау
16/08/2017 14:36 0 275
Дәурен Абаев «EQUUS» деректі трилогиясынының түсірілім алаңына арнайы барды
Дәурен Абаев «EQUUS» деректі трилогиясынының түсірілім алаңына арнайы барды

Дәурен Абаев «EQUUS» деректі трилогиясынының түсірілім алаңына арнайы барды

Ағымдағы жылы 28 тамызда Ақмола облысында «EQUUS» деректі трилогиясынының түсірілімін бастау жоспарланып отыр
17/08/2017 11:48 0 93
Қарағандыда Виктор Цойға арнап ескерткіш қойылады
Қарағандыда Виктор Цойға арнап ескерткіш қойылады

Қарағандыда Виктор Цойға арнап ескерткіш қойылады

Қарағандыға алғаш рет Виктор Цойдың әкесі 79 жастағы Роберт Максимович Цой келеді деп күтілуде.
17/08/2017 12:30 0 454
Қазақстанда ‹‹Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!›› науқаны басталды
Қазақстанда ‹‹Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!›› науқаны басталды

Қазақстанда ‹‹Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!›› науқаны басталды

Науқанның    негізгі мақсаты - азаматтардың белсенділігін арттыру
17/08/2017 16:37 0 803
Қасиетті жұма күні әр мұсылман атқаруы тиіс амалдар
Қасиетті жұма күні әр мұсылман атқаруы тиіс амалдар

Қасиетті жұма күні әр мұсылман атқаруы тиіс амалдар

Жұма күнінің қасиетті екенінен барлық мұсылман хабардар. Алайда ол күні атқарылар сауапты істер туралы барлығы біле бермеуі мүмкін
18/08/2017 10:51 0 217