• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:42:14
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 Әлеумет

Мүгедектердің сайлау процестеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз ету керек

Сайлау органдары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау процесстеріне толыққанды қатысуларын қамтамасыз етуі тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы мүгедектердің сайлау құқықтарын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисімен бірге  «Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді өткізудің басты мақсаты сайлау және референдум кезінде Қазақстан Республикасындағы мүгедек санатындағы азаматтардың сайлау құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ сайлау құқықтарын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері мен тәжірибелерін қарастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Имашев Қазақстан Республикасы Коснтитуциясы бойынша әрбір азаматқа сайлау және сайлану құқығына кепілдік берілетінін атап өтті. Сайлау органдары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау процесстеріне толыққанды қатысуларын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, Б.Имашев Орталық сайлау комиссиясымен мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқытарының сақталу стандартына сәйкес сайлау құқықтарын жүзеге асыруы үшін арнайы жағдайлар жасау мақсатымен қызғушылық танытқан мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға методикалық, үйлестіруші көмек көрсетуге іс-шаралар жиынтығының жүзеге асырылатынын айтты.

Сондай-ақ іс-шарада ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі басшысы Д. Сабо, ҚР Ортсайлауком мүшесі Л.Сүлеймен, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ президенті Ж.Омарбекова. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау мәселелері бойынша сарапшысы П.Кабаченко, «Мүгедек әйелдердің «Шырақ» ассоцияциясы» ҚБ-нің төрайымы Л.Қалтаева сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында мүгедектердің сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы жаңа мүмкіндіктері, оның ішінде сайлау учаскелерін және ғимараттарын жабдықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтары сақталуы бойынша стандарттарға сәйкес кедергісіз жағдайдың жасалу шаралары талқыланды. 

Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына ҚР ОСК мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет министрлігінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комисссияларының, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, халықаралық ұйымдардың, ҚР-дағы дипломатиялық миссиялардың, мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір