• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:53:44
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 NEWS

МС Сайлаубекті тест жинағына енгізген автор елден кешірім сұрады

Біздің мақсатымыз – Сайлаубекті насихаттау емес, оқушыларды дайындау.

МС Сайлаубектің есімін оқу құралына енгізген автор өз қатесін мойындап отыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақ тіліне арналған тест жинағында МС Сайлаубек туралы жазылғанына наразылық білдіріп жатыр.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі кітап авторларының бірі Қазбек Сағидолдамен сөйлесіп, мән-жайды білген еді. Құрастырушының сөзінше, рэпердің есімі кітапқа байқаусызда еніп кеткен.

– Бұл негізі дайындыққа арналған мәтін еді. Ал мәтіндерді біз әртүрлі орталықтан жинап, баспаға жібереміз. Сонда дайындыққа арналған мәтіннің бір бөлігін жібергенімізде материалдық базадағы осы мәтін де кетіп қалыпты. Оны кітап шыққан соң бірақ байқадық. Бұл жағдайдан кейін қатемізді ескеріп, келесі басылымнан Сайлаубек туралы мәліметті алып тастадық, – деді қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Ол МС Сайлаубекті кітапқа саналы түрде қоспағанын айтып, халықтан кешірім сұрады.

– Біздің мақсатымыз – Сайлаубекті насихаттау емес, оқушыларды дайындау. Былтыр шығарғанымызда мұндай болмаған еді, биыл келеңсіз жағдайға тап болдық. Өз қатемізді мойындаймыз. Бұл оқу құралында қамтылған 400 сұрақтың бірі ғана болса да, кешірім сұраймыз. Елден биік емеспіз, - деді Қазбек Сағидолда.

Назарбаев зияткерлік мектебіне түсушілерге арналған бұл тест жинағы 2018 жылдың басында 100 дана болып шыққан екен. Ал Сайлаубекке қатысты мәтіннің қай орталықтан алынғаны белгісіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір