• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:17:01
+35°

09 Ақпан, 2018 Әлеумет

Сара Кац Фейсбукте модератор болып қызмет атқарған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Оның айтуынша,  Фейсбуктегі 8 ай жұмыстан кейін психологтың көмегіне жүгінгісі келген.

«Менің жұмысым порнография толы болатын» - деп еске алады Сара.

Алдыңғы жылы Сара Фейсбуктің Калифорниядағы агенттігінде жұмыс істеді. Сарамен қатар агенттікте жүздеген модератор еңбек етті.

«Жұмыс беруші қандай ақпаратпен жұмыс істеуіміз мүмкін екенін ескерткен» дейді Сара.

Оның жұмысы - Фейсбуктегі желі қолданушыларының шағымы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу.

Жантүршігерлік фото, видеолар

- Бізге бір посттың спам, спам емес екенін анықтап, оны өшірудің қажеті бар, жоғын түсінуге бір минут беретін. Кейде біз профильді өшіріп тастайтанбыз.

Басшылық бізден 8 сағаттан артық жұмыс істеуді талап етпейтін. Осы уақыт аралығында біз 8 мың жазбаны қарайтынбыз. Бұл – бір сағатта мың жазба.

Маған кездескен посттардың жартысы балалар порнографиясы болатын. Суретте екі бала болды. Ұлдың жасы – 12-лер шамасы, екіншісі қыз. Оның жасы 8 жас төңірегінде. Олар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-бірін аймалап тұрды.

Біреу оларға не істеу керектігін көрсетіп тұрғандай. Көрініс жантүршігерлік еді. Себебі барлығы шынайы өмірде болып жатты.

Мұндай посттар өте тез жылдамдықпен таралатын. Бір күнде 6 адамның желісінде жарияланды. Сондықтан ең бірінші болып жариялаған желі қолданушысын табу қиынға соғады.

Бізге сұмдық жазба, видео, суреттерді көруіміз мүмкін екенін ескерткен. Оған іштей дайынмын деп ойлайсың, алайда ондай жағдаймен бетпе-бет келгенде есеңгіреп қаласың. Егер жұмыста маған психологтың көмегін ұсынса, ойланбастан көмегіне жүгінер едім, - дейді Сара.

Аяусыз зорлық

- Уақыт өте келе алғашқы кездегідей шошымайсың. Жұмыс психологиялық тұрғыда оңайға соғады деп айта алмаймын, десек те бойың үйренеді екен.

Ересек адамдардың жыныстық қатынасқа түскен видеосы көп жарияланатын. Арасында зоофилдер де болды. Жылқымен жыныстық қатынасқа түскен адамның видеосы жарияланған. Оны көп адам бөліскендіктен, түбірімен желіден өшіріп тастау мүмкін болмады.

Сонымен қатар, зорлық көрген, қайтыс болған адамдардың да фото, видеолары жарияланатын. Мәселен, басына оқ тиген адам, денесі бөлшектелген мәйіт.

Модерация ережесі зорлық материалдарына қарағанда порнографиялық посттарға қатысты өте қатал болатын.

Фейсбук жауабы

Би-би-си Сараның айтқанын Фейсбукке жолдады. Аталған компания өкілдері модераторлардың әлеуметтік желіні қауіпсіз ету жолындағы еңбегі орасан зор екенін айтады.

«Біз қызметкерлерімізге тренингтер өткізіп, психологиялық көмек көрсетеміз. Кейде жасанды инттеллектті қолдансақ та 7000 адам жұмыс істейді.  Олардың жағдайы біз үшін өте маңызды» делінген жауапта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір