• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:16:24
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 Спорт

Мысыр – Сауд Арабия матчының комментаторы ойын кезінде көз жұмды

Ойын кезінде Негманың жүрегі ұстап қалып, көп ұзамай көз жұмды.

Әлем чемпионатының А тобындағы Мысыр мен Сауд Арабиясы құрамаларының матчы кезінде мысырлық «Замалек» клубының бұрынғы бапкері, қазіргі уақытта спорт комментаторы Абдрахим Мухаммед Негма қайтыс болды.

Бұл туралы prosports.kz жазды.

Комментатор осы кездесуді мысырлық телеарналдардың бірінде жүргізіп отырған. Алайда ойын барысында Негманың жүрегі ұстап қалып, көп ұзамай көз жұмды.

Айта кетейік, бұл ойында Мысыр футболшылары есепте алда болған, алайда кейін Сауд Арабиясы құрамасы есепті теңестіріп, матчтың соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкетті.

Осылайша, мысырлық ойыншылар өз тобындағы үш матчта да жеңіліп, соңғы орын алған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір