• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:56:05
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2017 Әлеумет

Мінезіңізді дәл сипаттап беретін тест

Мынау тест арқылы мінезіңізді анықтай аласыз. Психогеометриялық тесттер әдетте ойыңызға келген ең бірінші жауапты көрсеткенде дәл түседі. Ал жауап нұсқасын...

Мынау тест арқылы мінезіңізді анықтай аласыз. Психогеометриялық тесттер әдетте ойыңызға келген ең бірінші жауапты көрсеткенде дәл түседі. Ал жауап нұсқасын таңдағанда ұзақ ойлансаңыз, тесттің нәтижесі нақты болу мүмкіндігі азаяды.

Алдарыңызда қарапайым геометрикалық пішіндерден құралған 8 адамның суреті көрсетілген. Оның біреуін таңдап, өз мінезіңізді анықтап көріңіз.

Бірінші сурет: Көшбасы. Әдетте мұндай адамдардың басқару және ұйымдастырушылық қасиеттері жоғары. Олар ортаға тез бейімделіп, адамдарға ықпал ете алады.

Екінші сурет: Жауапкершілігі мол орындаушы. Аталмыш адамдардың бойында көшбасшылық қасиеттер бар. Алайда жауапты шешім қабылдағанда үнемі өзіне сенімсіздік танытады.

Үшінші сурет: Мазасыз, күмәнмен өмір сүреді. Мұндай адамдар әдетте өмір бойы бір кәсіппен айналыспайды немесе қосымша қызығушылығы болады.

Төртінші сурет: Білімді. Мұндай адамдар барлығын алдын-ала жоспарлап қояды.

Бесінші сурет: Сезімтал. Мұндай адамдар бір істен екіншісіне тез ауысады. Өзгелергеүнемі қамқорлық танытып жүреді.

Алтыншы сурет: Құрастырушы, суретші. Мұндай адамдардың қиялы шексіз.

Жетінші сурет: Эмоционалды. Басқа адамдарға үнемі жаны ашып тұрады.

Сегізінші сурет: Диктатор. Бұл адамдар жұмыста әрқашан өз қалағанын жасатады. Өзгелерге жанашырлық танытпайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір