• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:51:55
Алматы
+35°

19 Қазан, 2017 Әлеумет

MeToo: Сексуалдық зорлықтың құрбандары жанайқайымен бөлісуде (фото)

Қоғам болып аталмыш әрекеттің құрбаны болған адамдарды қолдасақ, олар үшін де жаңа күн туар, өмірге қайта оралар...

Бүгінде әлемде сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамның санында шек жоқ. Кей адамдар басынан өткен қайғылы жағдайын халықпен, қоғаммен бөлісуді жөн көреді. Алайда көбі айтудан қымсынады, жасырады, соның салдарынан жалғыздықта күн кешеді, психологиялық ауытқуларға тап болады. Әлемдік мәселеге айналған сексуалдық алымсақтықтан құтылудың жолы бүгінге дейін табылмай келеді. Алайда оның құрбаны болған адамдардың өмірден түңілуіне болмайтынын түсіндіретін амалдар бар.  

Мен айтудан қорықпаймын...

Америкалық актриса  Алисса Милано кез келген адам өзінің басынан өткен қайғылы оқиғасымен бөлісу үшін твиттер әлеуметтік желісінде #MeToo (#МенДе) хэштегі арқылы флешмоб жариялады. Флешмоб АҚШ пен Ұлыбританияда кеңінен таралды.

Бүгінде Батыстың әлеуметтік желісі сексуалдық алымсақтық жайын жарыса жазып әлек. Әңгіменің төркіні голливудтық продюсер Харви Вайнштейнмен болған оқиғадан басталған. Бұған дейін продюсерге бірнеше танымал актрисаларды қорлады деген айып тағылған. Олардың қатарында Анджелина Джоли мен Гвинет Пэлтроу да бар.

Қорлғанған қыздарды қолдау мақсатында актриса Алисса Милано аталмыш флешмобты бастады. Актрисаның идеясы Голливудтан өзге де аймақтарға кеңінен тарап, сексуалдық зорлықтың құрбаны болған әйелдердің өз қиындықтары жайында #MeToo хэштегін пайдалану арқылы ашық айтуына мүмкіндік туды.

Алиса

«Егер сізге сексуалдық күш көрсеткен босла, #MeToo хэштегін жауап ретінде жазыңыз. Қорлық көрген қыздар мен әйелдердің бәрі жазатын босла, әлемдік мәселені көтеріп, шешімін табуға болады», - деп жазды Алисса өзінің твиттердердегі парақшасына.

Оның жазбасына 35 мыңнан аса әйел жауап жазды. Алиссаның өзі зорлықшының құрбаны болған еді.

MeToo

МитУ

МиТу

Кейбір әйелдер хэштегтің астына кішігірім оқиғаларын жазып жатты. Ең бастысы әр әйел өздерінің жалғыз емес екендігін түсінді.

«Ол кезде менің жасым 7-де болған. Басқа ештеңе айта алмаймын».

«Мен 8-де едім. Бүгінде бір еркектің құрбаны болмаған немесе қорқытпаған әйелді танымаймын».

«Көшеде жалғыз өзі кетіп бара жатқан, бойы үрейге толы қызға қара да, бәрі жақсы болатынын түсіндір, жанында бол, қолда».

МиТу

Ер адамдар да қорланады...

Әдетте, біз «сексуалдық алымсақтық» жайында сөз қозғағанда бірден ойымызға құрбан болған әйелдер оралады. Алайда ер адамдар да сексуалдық зорлықтың құрбаны болып жатады. Олар бұл жайлы айтуға намыстанып жатады. Ал назарларығңызға басынан өткен сұмдық жағдайларды халықпен бөлісуге бел байлаған батыл ер адамдардың фотосын ұсынамыз

«Жараланбағандар» жобасы аясында 2011 жылғы таралған суреттердің авторы – Грейс Браун. Жоба мақсаты – зорлық-зомбылықтың құрбаны тек әйелдер ғана емес, ер адамдар да болады. Грейс Браун есімді суретші әйел зорланған ер адамдармен сөйлесіп, камера алдында басынан өткендерін қағазға жазып беруін өтінді.

«Менімен тайталасудың қажеті жоқ. Сен де қалайсың ғой мұны», - деді ол. Ол кезде менің жасым 14-те еді, ал ол 40-та болған. «Сен үніңді шығарасың, мен сенің жаныңды шығарамын», - деді. Жасым 22-ге толғанда отбасыма бар жағдайды айтып бердім. Бауырларымның да дәл осындай жағдайды бастарынан өткергенін білдім. Мен бәрін айтып, кішкене болса да, жеңілдеп қалған едім. Ал олар ішіне сақтап жүрген. Себебі бізді қорлаған біздің туыс ағамыз еді. Ол жалғыздықта, қайғырып өмірден өтті. Өз өзіме келіп, болған жағдайдың бәрін айтқаным үшін, өмірге қайтадан келгендей болдым. Тірі адам екенімді сездім».

Ер адам

«Осыны уайымдайсың ба енді?» - деді ол маған. Мен әрдайым сол үшін уайымдайтын боламын, бірақ ол менің мінезімнің көрсеткіші емес».

Ер адам

«Айнала мүлкіген тыныштық. Ол мені қорлағанда, жасым небәрі 4-те еді».

Ер адам

«Енді сен ешкімге керек емессің. Сен бұзылғансың», - деді зорлаушы».

Ер адам

Түйін...

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бүгінде зорлықшының құрбаны болған әйледер мен ер адамдардың санында шек жоқ. Зорлықшы жазаланар, өкініштісі әрекетін жүзеге асырған соң ғана. Ал зорлық-зомбылыққа тап болған адамның жүрегінде қара дақ мәңгіге қалып қояды. Қоғамнан алшақтайды, жалғыздықта күн кешеді, қайғысы да, мұңы да ішінде қалады. Қоғам болып аталмыш әрекеттің құрбаны болған адамдарды қолдасақ, олар үшін де жаңа күн туар, өмірге қайта оралар...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір