• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:15:20
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2018 Спорт

Мессидің үшінші баласы дүниеге келді

Әлемдегі үздік футболшылардың бірі, «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің үшінші ұлы дүниеге келді

Әлемдегі үздік футболшылардың бірі, «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің үшінші ұлы дүниеге келді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Каталондық клубтың сайтында Мессидің Испания чемпионаты ойынына жеке басына қатысты себептер бойынша қатыспайтынын хабарлады. 

Mundo Deportivo ақпараты бойынша, сенбіге қараған түні футболшының үшінші баласы дүниеге келді. Месси инстаграмдағы парақшасында сәбидің қолы түсірілген фото жариялап, «бәрі керемет өтті. Сәлем, Чиро! Анасының да, сәбиінің де жағдайы жақсы. Біз өте бақыттымыз», — деп жазды. 

Месси мен Антонелланың екі баласы бар — үлкен ұлы бес, ал екінші баласы екі жарым жаста.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір