• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:38:29
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 Әлем

Меркель төртінші рет қатарынан Германия канцлері болып сайланды

Меркельдің кандидатурасын тек 364 депутат қолдады, оған қарсы 315-і дауыс берген.

Германияда Бундестаг депутаттары сәрсенбі күні Христиан-демократиялық одағының лидері (ХДО) Ангела Меркельді Германия канцлерлігіне сайлады. Осылайша, Меркель төртінші рет қатарынан ГФР канцлері болып сайланды.

Меркельдің кандидатурасын тек 364 депутат қолдады, оған қарсы 315-і дауыс берген. Тоғызы қалыс қалған.

2017 жылдың қыркүйек айында өткен сайлауда Меркельдің консервативті блогы жеңіске жеткен. Бірақ нәтижесі тарихтағы ең төмен көрсеткіш – ол бар-жоғы Бундестагтың 34,70 пайыз орнын алған.

Жарты жыл бойы Меркель коалиция жөнінде келіссөздер жүргізді. Бастапқыда Еркін демократиялық партия (FDP) либералдарымен, бірақ қараша айында біріншісі "Меркельмен ортақ идеямыз жоқ" деп қарым-қатынасты үзген. Осыдан кейін Меркель Мартин Шульц басқаратын Германияның Социал-демократиялық партияның қолдауына үміт артты. Қаңтар айынан бері жаңа кабинет құру жөнінде келісімге келді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір