• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:25:52
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2018 NEWS

Мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Батыс Сібірге ауысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 наурызда күн жылы болса, 7-8 наурызда республиканың солтүстік бөлігінде қар, боран, көктайғақ, қатты жел күтіледі.

Оңтүстік облыстарда жауын-шашын, ылғалды қар, тұман, кей жерлерде 23-28 м/с дейін көтерілетін жел соғады. Қазақстанның оңтүстігінде дабылды ескерту жарияланды:  

6 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Ал күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел күші 30 м/с болуы мүмкін.

6 наурызда  Тараз қаласында қатты жел болады. Оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, таулы асуларда  қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Жел соғады. Оның күші кей жерлерде түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20,таулы асуларда 30 м/с болады деп  күтіледі

Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланған.

5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-жашын күтіледі. Осыған байланысты, су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

5-6 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының 0+70C қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашынға байланысты жазық аумақта қардың еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтіледі.                                                                                                                     

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір