23 Мамыр, 2018 Денсаулық
Менингококк инфекциясы: Тағы төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді
21 мамырда менингококк инфекциясы 15 адамда анықталған еді.
Алматыда тағы төрт адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгінде 51 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 3-4 күнде тағы 4 адам келді. Олардың барлығы бақылауда. Менингококк инфекциясы анықталған жоқ, олар диагностика үшін алдын ала тексерілу үшін келіп жатыр", - деп түсіндірді Айзат Молдағасымова.
"Келген 47 адамның 21-інен диагноз анықталды, 15 адамның диагнозы расталмады. Тағы 11 адам бақылауда", - деді Айзат Молдағасымова.
Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды - екі ересек адам мен бір бала.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір