• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:07:42
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 Денсаулық

Менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясынан 13 адам қайтыс болған.

Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 62 жағдайы тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 7 адам, 42 адам шығарылған және 13 жағдай өліммен аяқталған: Алматы қ. – 6 жағдай, Алматы облысында – 3 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында - 3 жағдай және Қызылорда облысында – 1 жағдай, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Профилактикасы

Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде қаланың инфекциялық аурулар стационарларының қабылдау бөлімдеріне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне жүгіну қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

Ұйымдастырылған ұжымдарда бөлмелерді жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу керек.

Созылмалы инфекциясы бар  ошақтарға санациялау жүргізген маңызды, балаларда бұл көбіне ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балалар оториноларингологына жиі бару және мүмкіндігінше профилактикалық түрде болуы керек.

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет.

Суықтау, ашығу, ұйқының қанбауы, стресс және т.б. болдырмау қажет.

Ауруды емдегеннен оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір