• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:06:11
Алматы
+35°

13 Қараша, 2017 Әлеумет

Менің әйелім қоқыс арасында өмір сүреді...

"Мені кінәлайтындарға айтарым: маған бәрібір. Мен барлығын балалар үшін істедім"

42 жастағы мәскеулік Борис (аты өзгертілген) парашют спортының маманы, бизнесмен жыл сайын қайырымдылық қорларына қомақты қаржы жібереді. Алайда әйелімен ажырасқаннан кейін оны далаға қуып жіберген. Және осы қылығына еш өкінбейді де.  Бұл туралы Лента.ру жазады.

«Мені кінәлайтындарға айтарым: маған бәрібір. Мен барлығын балаларым үшін істедім. Әйелімнің көзін құрту, оны төмендету менің ойымда болған жоқ. Басты мақсатым- менің және отбасымның өмір сүруіне кедергі келтірген жағдайлардың көзін жою болды»-дейді ол.

«Ленамен 2006 жылы таныстық. Ол менің жаңадан ашылған компанияма жұмысқа тұрды. Күнде бірге жұмыс істеп, жақындасып кеттік. Ол азаматтық некеде тұрған, 1 қызы бар болатын. 2007 жылы үйлендік. 2008 жылы ұлды болдық. Тағы 3 жылдан кейін тағы бір ұлымыз туылды. Бастапқыда барлығы жақсы болатын. Лена жұмыс істеген жоқ. Балаларды қарады, үйдің жұмыстарын істеді. Мен жұмыс істеп, ақша таптым».

«Босанғаннан соң, Ленада депрессия басталды. Күні бойы үйде отырып, жылап-сықтап, үндемей отырып алатын болды. Балаларға да қарамай кетті. Тіпті, оларды балабақшадан, мектептен алып кетуді де ұмытты. Осы уақытта көршілерімізбен ұрыс-керіс орын алып, Ленаның әкесі қайтыс болды.  Осы жағдайлар да оның жүйкесіне әсер етті. Бала күтушісін жалдап, тынықсын дедім. Алайда, бұл кезде оның жүйкесі сыр берген еді...».

«Осы уақытта оны жұмысқа тұрғыздым. Біраз уақыт жақсарғандай, өзгергендей болды. Бір жыл жақсы, тату-тәтті өмір сүрдік. Тура бір жылдан соң, үйде отырам, жұмыс істемеймін деген соң, жұмыстан шықты. Қарсылық білдірген жоқпын. Балаларды қарап жүрді. Арада біраз уақыт өткен соң оның күнделікті ішіп жүргенін білдім. Наркологқа апардым, невроздар   ауруханасына жатқыздым. Ол жерден шыққан соң, Лена ішпейтін болды, бірақ есі ауысып шықты. Үйге даладан қоқыс заттарды жинауды шығарды. Ішуді қойса да, енді үйдің барлығы қоқыс пен бөтелкелерге толып жататын болды.

Өзіңіз елестетіңші, ас үйде даладан әкелінген қоқыстар жатыр, ал балаларыңыз олармен ойнап жатыр. Масқара ғой!»-дейді Борис.

Осыдан кейін заттарын қолына беріп, далаға шығарып тастадым. Анаңның үйіне барғаның дұрыс дедім. Формальді түрде әлі ерлі-зайыптымыз. Бірақ, оның анасы менің балаларым мен үйімді тартып алмақшы.

«Неке-бұл серіктестік, адамды сүйретіп, барынша құтқаруға тырысып, емдетуге болды, бірақ одан мен де, балалар да зардап шегеді. Ал ол адам саған істеліп жатқан жақсылықты, көмекті түсінбесе, одан не тәйірі?».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір