«Мен - жеңімпазбын» жобасы аясында екі бірдей әлеуметтік ролик таныстырылды

«Мен - жеңімпазбын» жобасы аясында екі бірдей әлеуметтік ролик таныстырылды
Ⓒqamshy.kz

12 қаңтарда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Мен - жеңімпазбын!» қайырымдылық жобасы аясында қатерлі дертті жеңген балалар туралы түсірілген әлеуметтік роликтің таныстырылымы мен халықты қатерлі аурулар туралы сауаттылығын арттыру тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 «Help Today» қоғамдық қоры мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатына «KazDesignProduction» компаниясының продюссері Арман Әбілдаев, Алматы қаласы Прокуратурасының аға прокуроры Гүлнар Жанбекова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми  орталығының директоры Риза Боранбаева, «Help Today» қоғамдық қорының төрайымы Эльмира Әлиева, Педиатрия орталығының онколог дәрігерлері мен емделуші пациенттер қатысты.

 Айта кетейік, «Мен - жеңімпазбын!» қайырымдылық жобасы — қатерлі дерттің алдын-алуға болатынын ескертіп, ерте анықтау мен дер уақытында қаралудың өмірлік маңыздылығы жоғары екендігін  еске салатын, сонымен қатар, ауыр сырқатқа шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарына сенімді ұялатып, сауығып кетуіне ықпал ететін, үміт отын жоғалтпауға шақыратын жоба.

 Жоба аясында түсірілген әлеуметтік роликте ауыр дертті жеңе білген қайсар балалардың ерлігі баяндалады. Таныстырылымы өткен бүгіні роликтің кейіпкерлері Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығында ем алушы балалар. Оның бірі Педиатрия орталығында емделуші 6 жастағы Ақерке Асылбек анасымен бірге баспасөз мәслихатына қатысып, аты жаман ауруды, емделмейді деген дертті қалай жеңгендері туралы айтып, шараға қатысушы, орталықта ем алушы балалар мен олардың ата-аналарына сенім мен үміт сыйлады. Үш жарым жасында жіті лимфобласталық лейкозға (острый лейкоз), яғни ақ қан ауруына шалдыққан ол орталықта 9 ай бойы емделді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы оңалып, ауруының беті қайтуда.

«Ауыр күндердің бәрі артта қалды. Шүкір….Алғаш бұл ауру туралы естігенде мең-зең болып қалдық. Жыладық та. Бізге орталық  мамандары да, психологтар да көмектесті. Біріншіден өзіміздің мықты болуымыз керек екендігін айтты. Біз сосын өзімізді уайым-қайғыға түспеуге шақырып, баламызға бәрі жақсы болады, жазылып кетесің деп бәрін түсіндірдік.  Қызым өмірді өте жақсы көреді, ол да жеңуге өз әсерін тигізді. Қызым ақ жарқын,  сурет салуды, бимен айналысуды ұнатады.  Ол күнде ең алдымын өзіне емес, барлық  бала жазылып кетсінші, ауырмасыншы деп тілек айтады.   Біздің үмітіміз бен сеніміміздің тірегі бола білген Педиатрия орталығының білікті дәрігерлеріне үлкен алғысымды айтамын. Біз ауыл, аудан, облыстан кейін сенім артып осы орталыққа соңғы үмітімізбен келген едік. Мен барша ата-аналарға үміт отын сөндірмеңіздер, күресіңіздер дегім келеді.  Ең алдымен баладан бұрын ата-аналары мықты болуы керек», деді Ақеркенің анасы, Жамбыл өңірінен келген Нұргүл Манекеева.

Елімізде балалардағы онкологиялық ауруларды емдейтін екі ірі орталық бар. Оның бірі – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы болса, екіншісі – Астанадағы «Ана мен бала» орталығы. Ауыр жағдайдағы балалардың барлығы көбіне Педиатрия орталығына келіп түседі. Педиатрия орталығындағы балалар онкологиясы және гематология бөлімі 115 орынға арналған. Мұнда жылына 2500 бала емделеді. Бұл бөлімде күндізгі стационар негізінде онкологиялық, гематологиялық  патологиясы бар, сирек және ревматологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге стационар алмастыратын көмек көрсетіледі. Орталықтың онко-гематологиялық қызметі ашылғалы бері 5000-нан аса лейкоз, яғни ақ қан ауруына шалдыққан, 10 мыңнан аса онкогематологиялық аурулардың ауыр түрімен ауырған балалар қаралып, емделіп шықты. Балалардың барлығы бұрын квотамен түссе, қазір электронды портал арқылы келеді. Айта кетерлігі, онкологиялық ауруларға кезек мүлде жоқ.

"Қазақстанда жылына орташа есеппен алғанда 500-ден астам бала ауыр дертке ұшырап, дәрігерлерге жүгінеді. 2017 жылы 558 бала онкологиялық ауруларға шалдыққан. Оның 230-ы лейкоз, ақ қан ауру. Біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде бірінші орында кеңінен таралған осы жіті лейкоз (острый лейкоз) ауруы тұр. Бұл ауру көп жағдайда туа салысымен және 3 жасқа дейінгі аралықта анықталуда. Онкологиялық аурулардың жартысы туабітті және гендік. Қуантатын жағдай, қазіргі таңда қатерлі ісік дерегі азайып келеді. Біріншіден, арнайы бағдарлама жасалынып, ауруды дәл анықтайтын диагностика жақсарды. Бұрын бала туғаннан кейін көп ұзамай шетінеп кететін. Оның қатерлі ісіктен көз жұмғанын ата-анасы, тіпті дәрігер де білмей қалатын еді. Сондай-ақ, қазір бұл дерт емделетін болды. Тек сенім болса, жазылып кетеді. Өкініштісі сол, сауығып кеткен балалардың кейбірінде дерт қайталануы мүмкін. Осы қайталанушылық аурудың санын арттырып отыр. 20 жыл бұрын лейкоз емделмеген. Қазір балалардың көбі жазылып кетуде", деп атап өтті Педиатрия орталығының директоры Риза Боранбаева.

Оның айтуынша, клиникада 2012 жылдан бастап орталықта ең күрделі заманауи жоғары технология әдісі - трансплантация әдісі қолданылып жатыр. "Нақты айтқанда, күрделі онкологиялық және гематологиялық ауруларға шалдыққан балаларды емдеуде гемопоэздік өзектік жасушаларды трансплантациялау,  сүйек кемігін ауыстыруды қолға алдық. Онкологиялық және онкогематологиялық ауруларға шалдыққан балаларға өмір сүруге мүмкіндік беретін 70-тен астам  гемопоэздік өзектік жасушалар (ГӨЖ) трансплантациясы операциясы жасалынып, бұл ауруды емдеудің жаңа әдісі меңгерілді. 2017 жылдан туыстық донордан   гемопоэздік өзектік жасушалардың (ГӨЖ) гаплоұқсас трансплантациялауды енгіздік. Бұл ота бойынша 2017 жылы 47 трансплантациялау жасасақ, оның алдыңғы жылы 12 ота жасаған едік. Қазіргі уақытта бұл терапияға үлкен мән беріліп келеді", деді Р.Боранбаева.

Дәрігерлер, балалардың тезірек сауығып кетуіне эмоционалдық жағдай да бірінші кезекте әсер ететіндігін алға тартуда. Бұл жағдайды ескерген, Педиатрия орталығы бір мезет ауруды ұмыттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастыруды қолға алған. Мәселен, кішігірім концерт, театрландырылған қойылым қою, "Верить и жить" сынды түрлі форумдарға қатысу және т.б. шаралар.

Қоғамдық және қайырымдылық игі істермен 3 жылдан бері айналысып келе жатқан «Help Today» қоғамдық қорының төрайымы Эльмира Әлиева:   «Мен - жеңімпазбын!» қайырымдылық жобасы аясында түсірілген  әлеуметтік роликті түсірудегі басты мақсатымыз - қоғамға ауыр сырқатты жеңуге болатынын жеткізу, аты жаман ауруды жеңе білген бүлдіршіндер мысалы арқылы ата-аналары мен басқа балаларды тағдырдың жазуына мойымауға, басқа түскен ауыртпалықты жеңе білуге шақыру. Ең бастысы балаларға қолдау көрсету" деді.

Қоғамның бір мұңын да болса азайтуға септігін тигізіп, қайырымды істердің басы-қасында жүрген ұйым осы жылдар ішінде мүмкіндігі шектеулі 50-ден астам балаға көмек көрсетіп, жүздеген қайырымдылық акциялар мен жәрмеңке, қайырымдылық концерттер сынды түрлі шаралар өткізіп келеді.

 Таныстырылымы өткен екі әлеуметтік роликтер жобаға қолдау білдірген "Business TV" мен  "KazDesign Production" продюссерлік компаниялардың көмегімен тегін түрде жасалған. Үміт сыйлайтын, мотивация беретін әлеуметтік роликтерді қоғамдық орындарда шығаруға Алматы қаласы Прокуратурасы атсалысқалы отыр. 

"Бұл әлеуметтік маңызы бар, үміт отын жағатын керекті әрі қажет жоба. Ата-ана ретінде бауыр еті баласының дерті қаншалықты жандарына бататынын түсінем. Ата-аналарына шыдамдылық тілеймін, үміттеріңізді ешқашан үзбеңіздер! Балалар тезірек жазылып, дертінен құлан таза айығып кетуіне шын жүректен тілектеспін!", деді Алматы қаласы Прокуратурасының аға прокуроры Г.Жанбекова.

 Жобаға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Ана мен бала ғылыми орталығы, «UMC» корпоративтік қоры, Алматы қаласы Прокуратурасы, "Business TV" мен  "KazDesign Production" продюссерлік  компаниялары,  «Еларна» киноканалы, «Questoria» агенттігі қолдау білдірді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


    1
    Жезқазғанда жүрекке операциялар жасалады
    25/04 18:34 0 29
    2
    Б.Сағынтаев Жезқазған мыс қорыту зауытын реконструкциялау жұмысымен танысты
    25/04 18:27 0 155
    3
    Дархан Кәлетаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті
    25/04 18:25 0 52
    2018 жылы қанша білім гранты бөлінгені белгілі болды
    25/04 18:14 0 47
    Қыран қалықтаған күн (әңгіме)
    25/04 17:51 0 66

    Таныстырылғандар

    Қытай полициясы қалай дамып келеді?
    Қытай полициясы қалай дамып келеді?
    Қытай полициясы қалай дамып келеді?
    Ағымдағы жылдың наурызында полиция темір жол вокзалында түрлі іске қатысы бар 33 адамды қолға түсірді.
    14/04/2018 13:25 5 780
    Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды
    Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды
    Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды
    Сирияның Әуе қорғанысы жүйесі Хомс төңірегінде зымырандардың көзін жойды.
    17/04/2018 10:33 0 300
    Қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі мән-жайды айтып берді (видео)
    Қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі мән-жайды айтып берді (видео)
    Қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі мән-жайды айтып берді (видео)
    Жүргізуші қызды қаққан кезде бағдаршамның қызыл түсіне өткен мойындапты.
    18/04/2018 14:27 5 4459
    Мектептердегі тамақтандыру диабет пен онкологиялық ауруларға ұшыратады
    Мектептердегі тамақтандыру диабет пен онкологиялық ауруларға ұшыратады
    Мектептердегі тамақтандыру диабет пен онкологиялық ауруларға ұшыратады
    Ерте жастағы денсаулық күтіміне қаржыны үнемдеу дұрыс емес.
    18/04/2018 16:11 0 143
    «Қазақстанға көп инвестициялық жобалар Қытай, Ресей және Түркиядан келеді»
    «Қазақстанға көп инвестициялық жобалар Қытай, Ресей және Түркиядан келеді»
    «Қазақстанға көп инвестициялық жобалар Қытай, Ресей және Түркиядан келеді»
    Бұл туралы Азат Перуашев 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді
    19/04/2018 16:47 1 931
    Қазақтың танымал жазушысы 93 жасқа қараған шағында дүниеден озды
    Қазақтың танымал жазушысы 93 жасқа қараған шағында дүниеден озды
    Қазақтың танымал жазушысы 93 жасқа қараған шағында дүниеден озды
    Қазақтың танымал жазушысы 93 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
    20/04/2018 09:34 2 762
    Сөйлей-сөйлей шешен болған шенділер (фото, видео)
    Сөйлей-сөйлей шешен болған шенділер (фото, видео)
    Сөйлей-сөйлей шешен болған шенділер (фото, видео)
    Өз тілінде еркін сөйлеуімен қатар шешендігімен елді сүйсіндіріп, көзге түскен саясаткерлердің тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.
    24/04/2018 13:02 3 655
    Әлемдегі ең қарт әйел дүниеден озды
    Әлемдегі ең қарт әйел дүниеден озды
    Әлемдегі ең қарт әйел дүниеден озды
    Әйел сенбіде Жапонияның оңтүстік-батысындағы ауруханалардың бірінде жан тапсырды.
    22/04/2018 12:53 0 343
    Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлады
    Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлады
    Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлады
    Оқиға орнына келген Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетов тұрғындарға уақытша баспана берілетінін айтты.
    23/04/2018 08:50 0 107
    "Ашаршылық" құрбандарына арналған монументтегі баланы ұрлап кетті
    "Ашаршылық" құрбандарына арналған монументтегі баланы ұрлап кетті
    "Ашаршылық" құрбандарына арналған монументтегі баланы ұрлап кетті
    ІІД мәліметіне сәйкес, қоладан жасалған баланың мүсіні бірнеше бөлікке бөлінген.
    23/04/2018 11:45 1 347
    Адилям Ушурованың ісі тексерілсін!
    Адилям Ушурованың ісі тексерілсін!
    Адилям Ушурованың ісі тексерілсін!
    «Мұндай арандатушыларды заң аясында тезге салмасақ, біз ұлтаралық жарылыстарға куә боламыз».
    23/04/2018 17:43 37 10162
    Қытайда өрт шығып, сегіз адам көз жұмды
    Қытайда өрт шығып, сегіз адам көз жұмды
    Қытайда өрт шығып, сегіз адам көз жұмды
    Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
    24/04/2018 10:16 0 82
    Алматыда жарылғыш зат жайлы хабар берген 14 дерек тіркелген
    Алматыда жарылғыш зат жайлы хабар берген 14 дерек тіркелген
    Алматыда жарылғыш зат жайлы хабар берген 14 дерек тіркелген
    Алматыда биыл жарылғыш зат жайлы жалған хабар берген 14 дерек тіркелді
    20/04/2018 13:14 0 22
    Алматыда иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудің жаңа қағидасы бекіті
    Алматыда иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудің жаңа қағидасы бекіті
    Алматыда иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудің жаңа қағидасы бекіті
    Алматыда иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудің жаңа қағидасы бекітілді
    24/04/2018 15:13 0 14
    Анкарада Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады
    Анкарада Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады
    Анкарада Дина Нұрпейісованың мүсіндік композициясы ашылады
    Қазақ композиторының ескерткішін орнатуға 15 млн теңге жұмсалмақ.
    25/04/2018 16:33 0 76