• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:31:17
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алты Алашқа - ақжолтай жаңалық! Байтағымызда «Men Qazaqpyn» ұлттық телевизиялық мегажобасы өтуде. Дәстүрлі ән, терме-жырдың мәртебесін көтеруге арналған байқаудың іріктеу кезеңі Оңтүстік облыста да басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін теріскейдегі Созаққа қазақтың саф ән өнері бастауынан рухани нәр алып, қанып ішкен таланттыларымыз жиналуда. Ел іші – өнер кеніші. Дәстүрімізді дәріптеп, ұлттығымызды ұлықтайтын жобаның алғашқы сынына кәсіби өнер иесі болмаса да, ынта танытқан таланттардың қатары қалың. Күмбірлеген күй, əуелеген əнімен дара шыққан дарабоз республикалық байқауда өңіріміздің өзгеге ұқсамайтын өнердегі өрнеген паш ететін болады!  

Елбасы  рухани  жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңа  үдеріс  елдің  рухани тамырынан  нәр алуы тиіс деді. Рухани тамыр – ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіл мен діл. Оның ішінде өнер, қала берді дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешіліктің орны ерек. Міне, осы ретте республикалық дәрежеде қолға алынған «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының «Мен Қазақпын!»  телевизиялық мега жобасы өңірлерде іріктеу шараларын қолға алды. Байқаудың басты мақсаты — қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі -18 бен 40 жас аралығы. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады.  Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс.  Ұлттық өнерді  ұрпаққа  насихаттайтын  «Мен Қазақпын!» телевизиялық мегажобасының өңірлерде іріктеу жарыстары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жансейіт Түймебаевтың қолдауымен  14 ауданда да  өткізілмек. Білікті мамандардан құралған  арнайы топ әрбір ауданды аралап, жобаға қатысушыларды анықтайды. Алғашқы іріктеу сайысы, мамыр айының 17-сі күні Созақ пен Бәйдібек аудандарында  бастау алды. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады.  Жобаның республикалық айналымында жеңіске жеткен жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір