• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:34:09
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2018 NEWS

Мен нағыз азапты армандаймын...

Біреулер мұндай адамдарға қызыға қарайды.

Әлемде  ешқашан ауруды сезіне алмайтын, ауырсынуды білмейтін жүздеген адам өмір сүреді.  Біреулер мұндай адамдарға қызыға қарайды. Алайда, ауруды сезбейтін адамдар үшін бұл үлкен қасірет, тіпті қарғыс. Себебі әр қадам сайын оларды қауіп күтіп тұрады. Ауруды сезбей өмір сүруге бола ма және мұндай дертпен өмір сүрудің қандай екені туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Лента.ру-ға сілтеме беріп  жазады.

Сиен университетінің биология профессоры  Летиция Марсили өте сирек кездесетін дертке шалдыққан: ешқандай ауырсынуды сезбейді. Оның анасы мен балалары, әпкесі де дәл осындай дертке шалдыққан. Ғылымда бұл "Марсили синдромы" деп аталады екен.

ештеңе сезбейтін әйел

Жарақат, қол-аяқтың сынуы, тіпті денені күйік шалса да, бұл адамдарға әсер етпейді. Ащы бұрыштың құрамында болатын капсацинді де олар сезбейді, демек қатты ащы дәм де әсер етпейді. Бір жағынан қарағанда бұл дертке шалдыққан адамдар тобының артықшылығы сияқты. Алайда, шын мәнінде адам ауруды сезінбесе өзінің ағзасын үлкен қауіп-қатерге тігеді.

«Бала кезімде жиі жарақаттанып қалатынмын. Бір жолы велосипедпен келе жатып, құлап кетіп кеудеме шеге тығып алғам. Айтарлықтай ауыруды сезіндім дей алмаймын. Тек бір сәтке біртүрлі сезім денемді шарпым өтті»,-дейді Л.Марсили.

Дәл осылай ешқандай ауыруду сезбейтін Летицияның інісі велосипедпен келе жатып қолын сындырып алған, алайда қолы сынғанын тек 15 шақырымнан кейін ғана байқаған.

Ауырсынуды сезе алмайтын адамдарға қызығудың қажеті жоқ. Ғалымдар мен зерттеушілердің айтуы бойынша мұндай адамдардың көпшілігі кәмелет жасқа жетпей көз жұмады. «Біз ауырсынуды сезінуден, аурудан  қорқамыз. Алайда, ол адам ағзасы үшін өте маңызды әрі қажет функция. Ауруды сезіну арқылы адам өзінің физикалық белсенділігін шама-шарқынша жұмсайды.

 «Егер сіз кезінде  қолын отқа  салса да шыдаған Римдік бозбала сияқты төзімділік таныта алмасаңыз, жазылам деп ойламаңыз» деген екен  19 -ғасырда емделушілеріне британдық дәрігер.

 "Мен сияқты адамдар денедегі, ағзадағы ауырсынудың  не екенін білгісі келеді. Ауыру деген қалай болатынын түсінгіміз келеді",-дейді аталған дертке шалдыққан ер адам.

  Анальгезия деген генетикалық ауру бар. Ол "Марсили синдромына" қарағанда жиірек кездеседі. Мұндай дертке шалдыққан адамдардың бірі туралы 1932 жылы дәрігер Джордж Диаборн айтып берген. Анальгезияға шалдыққан ер адамның айтуынша, ол өзінің 54 жылдық ғұмырында бір рет те болсын ешбір жері ауырып көрмеген. BBC News пәкістандық бір бала туралы жазған екен. Ол көшеде әртіс болып ақша тауып жүрген. Қолына пышақ сұғып, жанып жатқан көмір үстімен жүріп өнер көрсеткен.

  Америкалық Габби Гинграс туылғанынан анальгезия дертіне шалдыққан. «Кішкене кезінде тісі шыға бастаған уақытта қолын тістелеп тастаған. Егер біз қадағаламағанда ол саусақтарына дейін тістелеп тастайтын еді. Екі жасында жағын сындырып, бір көзінен де айырылды. Десе де, қазір жағдайы жақсы, баяғыға қарағанда дертін қадағалай алатын болды»,-дейді оның анасы.

 Мұндай адамдарға қарапайым көпшілік сияқты аурды сезінгілеріңіз келе ме деген сұрақ қойғанда барлығы дерлік «жоқ» деп жауап берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір