• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:01:44
Алматы
+35°

23 Маусым, 2018 NEWS

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары анықталды

Іс-шара  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Журналистер күніне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің журналисі Еркеғали Болатұлы «Үздік сайт мақаласы» (сайт материалдары бойынша) номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді.

Аталмыш номинация бойынша І орынды Арыстанбаев Мадияр, ІІІ орынды Қымбат Елтайқызы иеленді.  Жарылқап Бейсенбайұлы Гран При жеңімпазы атанды. Бас жүлденің сыйақысы - 1 000 000 теңге.

Іс-шара  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылды.

Республикалық конкурсқа үміткер журналистерден 200-ге жуық материал келіп түсті. Ережеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Салтанатты шарада «Үздік мақала» (баспасөз бойынша) номинациясы бойынша ІІІ орынды Әзімхан Ыбырайұлы, ІІ орын Қасым Азамат Әбілұлына, І орынды Сафин Нұрлыбек  иеленді. 

«Үздік телебағдарлама» (телеарна бағдарламалары бойынша) номинациясы бойынша ІІІ орын Гүлбақша Ақажановаға, ІІ орын Нартай Аралбайұлына, І орын Серік Жұмабекке бұйырды.

«Үздік радио бағдарламасы» (радио бағдарламалары бойынша) номинациясы бойынша ІІІ орынды Талант Арғынғали, ІІ орынды Аманжулова Асемгуль, І орынды Ербол Алшынбай жеңіп алды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір