• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:29:52
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Мемлекеттік тапсырыстың тиімділігі қаншалықты?

ҮЕҰ -ға мониторинг жасап баға беру керектігі жөнінде де ұсыныстар айтылды

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың мемлектетік тапсырысты іске асыру тиімділігі қаншалықты және сол тапсырыс аясында халықтың мәселері шешіліп жатыр ма деген сұрақтарға қазақстандықтар мен азаматтық сектордағы сарапшылардан сауалнама жүргізілді.

Алматы қаласы «Ақпараттық ресурстық орталығы» мемлекеттік тапсырыс жоба бойынша өткізген зерттеуде 2500-ден астам азаматтар мен 50 ҮЕҰ өкілдерінен «мемлекеттік тапсырыс деңгейінің көтерілуі, қандай да бір өзгерістер енгізуі жөнінде, әлде болмаса қандай да ұсыныстарыңыз жайында 5 аймақта сауалнама жүргізді.

Біздің халықтың каншалықты осы мемлекеттік тапсырысқа көңілі толуы сол мемлекет тапсырыс аясында халықтың мәселері шешіліп жатыр ма, қандай ықпал болып жатыр сұрақтарына ҮЕҰ өкілдері бірнеше жауапатрынан: «жалпы қарапайым халықта мемлекеттік тапсырыс па немесе басқа грант па қызығушылығы жоқ деген жауап берді. Бұл жерде халықтың жеке пікірін алып ескеру өте қиын, себебі барлық жұмыстарды өнім беруші жасап жатырма, ҮЕҰ жасап жатырма немесе ЖШС пе халыққа ол маңызды емес. Халық талапты жергілікті атқарушы органнан талап етеді. Сондықтан тапсырыстың бағасын халықтан алу дұрыс емес, мұны бірінші кезекте оның тиімділігін, жалпы дәрежесін анықтау үшін тапсырыс берүшіден сұрау керек, өйткені негізі ақшаға жауап беретін де, сол бюджетттен сұрап алатын да қамтамасыз ететін ол мемлекеттік мекеме, деген жауаптар берілді.

Мемлекеттік тапсырысқа қандай мүмкіндіктер беруге болады, қандай жаққа өзгерту керек, халыққа мемлекеттік тапсырыс арқасында әлеуметтік көмек алып жатқанын білуге қандай баға беруге болады деген сұрақтарға: «Біраз ҮЕҰ бір күндік «сезондық» жұмыс жасайды, ал басқа уақытта ол халыққа тұрақты көмек көрсетпейді, өйткені тұрғылықты мекен жайы жоқ, қажетті техникалық жабдықталуы жоқ, қаржыландыру болды ма, болмады ма жұмыс істемейді. Кез келген ҮЕҰ жылда он екі ай жұмыс істеп тұрса да, тұрмаса да немесе ол қай жақтан қаржыландырып жатқаны маңызды емес, шынайы халыққа жұмыс жасайтыны маңызды. Сондықтан, ең бірінші ҮЕҰ да мониторинг, талдау, жобаларды бағалау жұмыстарын жүргізу қажет, және халықтың негізгі проблемарын анықтау үшін талдау жасау керек деген ұсыныстар берілді. Халық арасында ҮЕҰ туралы ақпараттық жұмыстарын кеңінен жүргізу керек.

Саулнама жүргізуде жыл сайын беріліп жатқан лоттардың санын көбейтсек, тапсырыстың тиімділігі көтеріле ме деген сұраққа: «лоттың саны мен қаржының саны бір сапаға жетпейді, себебі ол жерде белгілі бір рейтинг болуы керек, кімнің шын мәнісінде мықты екенін ҮЕҰ-ның қайсысы шынайы жұмыс жасауын анықтау үшін бірінші бағалап, сапаларын аныктау мониторинг жасау керек. Жыл сайын қандай қаржы алып жатыр, оның әлеуметтік экономикалық қандай нәтижесінде не жеткізілді. Салық төлеушінің тұрғысынан қарапайым халық ол салық төлеуші ол сапалы қызмет талап етеді, біз сапалы қызмет көрсетіп жатырмыз ба, мәселе сонда. Одан кейін саннан сапаға көшу, адал қызмет жасап жүрген, ол тапсырыс алмаса да халықтың мүдесін ойлап жүрген ұйымдар бар, мінеки соларға тұрақты қолдау көрсету керек сияқты пікірлер де болды.

ҮЕҰ -ға мониторинг жасап баға беру керектігі жөнінде де ұсыныстар айтылды. Және де 3 жылдық немесе 5 жылдық жоба қарастырылуы кажет екендігі айтылып кетті. Мысалы, белгілі бір жобалардың маңыздылық мақсаттары бір екі немесе жарты жылда шешіле қоймайды. Содан кейін тапсырыстың тиімділігі қаражаттың мөлшеріне де байланысты, қаражаттың басым көпшілігі демпинг бағасымен кетіп жатады, деген пікірлер айтылды. Жоспарланған нәрсе 50%-ға төмендетілгеннен кейін жұмыстың сапасы да төмендейді.

Көптеген заңдар қабылданған, бірақ заңның тармақшалары аяғына дейін қарастырылмаған сондықтан да мүмкін әрдайым бір заңды қабылдаймыз да өзгерістер енгізіп отырамыз. Мемлекеттік бағдарламалар қаулы шығып кабылданып кояды да заң шығарылып кояды, бірақ жергілікті жерлерде нақты түрде енгізілмейді. Шын мәнісінде халыққа тиімді ме, тиімді емес пе, жергілікті атқарушы органдарға тиімді ме оның бәрі содан кейін шығады.

Зерттеу барысында мемлекеттік тапсырысты қай жолдарымен жақсартуға болады деген сұраққа : « ҮЕҰ институционалды дамуы, мамандыландыруы керек, ал жобаларды талдау, бағалау үшін тапсырушы мекемелер стандартты бақылау жүйесін қабылдау керек».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір