• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:37:45
+35°

14 Маусым, 2018 NEWS

Мемлекеттік қуыршақ театры көрермендерін хайуанаттар бағында қуантпақ

Бір ғасырға жуық тарихы бар Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеу жолында еңбек етіп келеді

Бір ғасырға жуық тарихы бар Алматы қаласының  Мемлекеттік қуыршақ театры  жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеу жолында еңбек етіп, дәстүрлі қуыршақ өнерін жаңғыртып жүрген үлкен өнер ордаларының бірі. Небір сахна саңлақтырының талай жылдар бойы еңбек етіп, табаны тиген бұл театр өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымыз бен адамгершілік қағидаларды бойына сіңіріп, бүгінде театр қуыршақ театрының қара шаңырағы болып есептеледі.

Алматы

Маусым айынан бастап Қуыршақ театры репертуарындағы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген қойылымдарын театрдан тыс Алматы хайуанаттар бағында да сахналайтын болады. Шара мақсаты – балалардың өнерге деген махаббатын арттыра отырып болашаққа деген алғашқы мәдени баспалдақтарын қалау. Аталмыш шара аясында Мемлекеттік қуыршақ театры маусым айында «Қуыршақ думан» (авт. реж. С.Шүкіров, Қ.Ешмұратова), «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» (авт.М.Дългачева, реж.К.Андреева), «Үш торай» (авт. С.Михалков, реж. С.Мақұлбеков), «Қаңбақ шал» (реж. Қ.Ешмұратова) сынды қойылымдарын өнерсүйер жандардың назарына ұсынбақ. Қойылымдар күніне екі мәрте, яғни сағат 15:00- де, 17:00-де өтеттін болады.

Алматы

Мемлекеттік қуыршақ театры Алматы қаласынының тұрғындары мен қала қонақтарына өзінің таңдаулы қойылымдарын ұсынып, рухани азық сыйлап, көңіл пердесін әдемі күйге бөлейтін қойылымдарды Алматы хайуанаттар бағында бірге тамашалауға шақырады!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір